Бейнемен ойнау: Маған қара!

Бейнемен ойнау: Маған қара!

03.06.2014

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Қалай ойнау керек

Балаңызды тізеңіздің үстіне отырғызып алып, оның көз алдына бейне шағылыстыратын затты ұстаңыз. Бұл айна немесе қандай да бір жылтыр компакт-диск болуы мүмкін. Балаңыздың жарық шағылысуына әсерін байқаңыз. Ол тіпті алдында қозғалып жатқан бейнені ұстап алуға талпынуы мүмкін. Қасына бірге отырып, беттеріңізді қатар қойып, бетіңізді неше түрлі етіп тыржитып, баланың оған қалай қарайтынын бақылаңыз – нәтижесі екеуіңізді де таңқалдыратыны сөзсіз. Айнамен ойын ойнау жол жүргенде – тіпті ұшақпен ұшқанда да – өте оңай. Кішкентай қол айнаны сөмкеде ұстап жүріңіз немесе қолда бар материалдардан жылтырақ ойыншықты жасап алыңыз. Мысалы, ескі жылтырақ фольгамен журналды, керек емес хатты, қасықты, таяқты қаптап немесе саусағыңызға орап, балаға көрсетіңіз – оның мәз болғанын көресіз.

Үйрену және өсу

Бейнені шағылыстыратын беттермен ойнағанда тіпті ең кішкентай бала өз денесімен және бет әлпетімен таныса бастайды. Бұл іс-әрекетті баланың өзімен-өзінің немесе Сізбен көз арқылы «сөйлесуі» деп атасақ та болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Сабынды көбіктер

  • Орын:

    Үйде және көшеде

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен іс-шаралар

  • Сізге не қажет

    1/8 Ыдыс жууға арналған сұйықтық, су 4,5 литр, 1/2 қасық глицерин

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына