Бала үшін ванна бөлмесін қауіпсіз ету бойынша 5 кеңес

Бала үшін ванна бөлмесін қауіпсіз ету бойынша 5 кеңес

Linda Jonides

27.05.2014

Кішкентай балалары көп отбасылар көп уақытын ваннада өткізеді. Балаңыздың бүлдірген заттарын жумақшы болсаңыз да немесе балаңызды әжетханаға үйретпекші болсаңыз да, ванна бөлмесінде балаңызды қауіптен қалай сақтау керек екенін білуге тиіссіз.

Ересек адам болмаған кезде баланың ваннаға кірмегені жөн. Сондықтан, сәбиіңіз Сізсіз ваннаға кірмесін десеңіз, ваннаның есігіне үлкен адамның бойына тура келетін ысырманы қағып қойыңыз.

Бұндайда кез-келген құлып бала ішінен кездейсоқ жауып алған жағдайда, сыртынан ашылатындай болуы тиіс.
Шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі нұсқаулықтарды басшылыққа алыңыз.

1. Бар жердегі суды мүмкіндігінше ағызып тастаңыз


Бала бірнеше дюймдік тереңдіктегі суға батып кетуі мүмкін. Сондықтан бір сәтке болса да ваннаны қараусыз қалдырмаңыз. Ваннадағы суды пайдаланбайтын болсаңыз, оны суға толтырып тастап кетпеңіз. Сондай-ақ, су толтырылған шелектерді де назарсыз қалдырмаңыз.

Әрқашан төмен түсірілген және жабық болуға тиіс унитаздың қақпағына құлып орнатыңыз.

2. Барлық қажеттінің бәрін алдын-ала дайындап қойыңыз


Баланы шомылдырып жатқан кезде баланың сүйікті ойыншығына немесе телефонға жүгіріп кетпес үшін керек заттардың барлығын алдын-ала дайындаңыз. Ваннаның жанына шомылуға арналған қажеті заттары бар себетті қойыңыз.

3. Судың жағдайын тексеріңіз


Ваннаға баланы түсірер алдында температураны өлшеңіз. Күйіп қалудан қорғану үшін су қыздырғышын 49°C (120°F) деңгейіне қойыңыз.

4. Ваннаны тексеріп алыңыз


Ваннаның түбіне тайғанауға қарсы жапсырмаларды жабыстырыңыз. Бала басын және басқа жерлерін кранға соғып алмас үшін кранға жұмсақ матаны орап қойыңыз (жөке де жарайды)

5. Қол жетпейтін жер – қауіпсіз жер


Ванна бөлмесінде дәрілер мен косметиканы сақтайтын болсаңыз, оларды баланың қолы жетпейтін жердегі жабылатын шкафтарда сақтаңыз. Сабын немесе тіс пастасы секілді заттарды да баланың қолы жетпейтін бөлек жерде сақтаңыз (реті келсе, құлыптап қойған жөн). Фенді және кез-келген электр аспаптарды міндетті түрде тоқ көзінен ажыратып алыңыз және құлыпталатын шкафта сақтаңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына