Бала үшін үйді қалай қауіпсіз етуге болады

Бала үшін үйді қалай қауіпсіз етуге болады

Suzanne Dixon

27.05.2014

Біріншіден, бала үшін мүлдем қауіпсіз үй болмайды.

Үйді қаншалықты қауіпсіз еткіңіз келіп, бұрыштарды жұмсақ заттармен бекітіп, розеткаларға тығындар тыққаныңызбен, баладан көз алмау қажет, әсіресе, біреудің үйінде жүрсеңіз. Өз үйіңізде Сіз баланы негізгі қауіп-қатерлерден сақтандыратын қорғаныш шараларын қабылдай аласыз.

Үйде төрт аяқтап жүріп, барлығын балаңыздың көзімен көруге тырыссаңыз, қауіптерді бірден байқайтын боласыз. Қауіпсіздендіру мақсатында тиісті жерлердің тізімін жасаңыз.

Баланың үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі шаралар


Баланың үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кейбір шаралар үйдің түріне қарамастан әмбебап болады. Мыналарға мән берген жөн:

• Мүмкін болса, барлық сымдар мен электр аспаптарын алып тастаңыз
• Кез-келген электраспапты қосу алдында балаңыздың тым жақын тұрмағанына көз жеткізіп алыңыз
• Терезелер 15 см артық (6 дюйм) ашылмас үшін шектегіштерді орнатыңыз. Әсересе, үйіңіз 2-ші қабатта және одан жоғары болса.
• Барлық электр розеткаларға қорғаныс қақпағын орнатыңыз және сымдарды тығып қойыңыз (бұл өте маңызды, сондықтан осы ұсынысты қайталау артықтық етпейді)
• Барлық тазартқыш құралдарды, дәрілерді (рецептуралық, рецептуралық емес), дәрумендерді және жұту кезінде балаға зияндық алып келуі мүмкін кез-келген басқа заттарды баланың қолы жетпейтін жерге жинап қойыңыз
• Барлық дәрілер, соның ішінде қонақтарыңыздың дәрілері балалардан сақтау мақсатында қақпағы жабылатын банкілерде сақталсын.
• Шкафтарға (қауіпсіз заттар сақталатындарды да қоса есептегенде) қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз
• Баспалдақтар аралықтарын кедергі кақпақшаларымен, ал есіктер мен терезелерді баланың қолы жетпейтін жерде бекіткіштер және құлыптармен жабдықтаңыз
• Электрлік перделердің сымдары баланың қолы жетпейтін жерде болуы тиіс
• Құлап қалуы мүмкін кітап сөрелері мен биіктегі жабдықтарды қаттырақ (керегелік бекітпелерді қоса) бекітіп қойыңыз
• Бала тартып алып, үстінде тұған заттарды құлатуы мүмкін дастархандар мен майлықтарды пайдаланбаңыз
• Сәбиіңіз атасы мен әжесінің үйінде немесе балабақшада болғанда, олардың үйі мен аталған мекеме де қауіпсіздік құралдарымен жабдықталуы тиіс

Әрдайым есіңізде болсын: үйді қаншалықты қауіпсіз еттім дегеніңізбен, кішкентай зерттеушінің ұстап, қарап, зерттеп көрмейтін нәрсесі болмайды. Сондықтан – сақтықта қорлық жоқ!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.