Балаға тұмаудан жазылуға қалай көмектесуге болады

Балаға тұмаудан жазылуға қалай көмектесуге болады

Linda Jonides

19.03.2014

Орташа алғанда, 7 жастан кіші балалар тұмаумен бір аптадан екі аптаға дейін жылына 10 рет ауырады. 6 айдан жоғары жастағы нәрестелер, әдетте, құлағы мен тамағы ауырмайтын болса, ал температурасы бір немесе екі күн бойы 38,8°C (102°F) дейін көтерілмейтін болса, дәрігердің көмегін қажет етпейді.

Басқа белгілі дерек: қарапайым тұмаудан дәрі жоқ. Дегенмен, дәрігерден баланың ауруын қалай жеңілдетуге болатындындығы туралы сұрап алыңыз. Қанша айтқанмен, ең ақырында бала үшін емнің ең тиімді тәсілі су ішу мен ұйқы болып табылады.


Таныс белгілер


Тұмау мен кез келген вирустық аурулар әдетте температурамен ілесе жүреді. Дәрігерге жүгінгенге дейін, екі күн кідіре тұрып, жаңа белгілердің немесе шағымдардың пайда болуын күтіңіз.

Баланың температурасы 40°C (104°F) дейін көтерілмеген болса, оның температурасына қарағанда түрі мен жүріс-тұрысы маңыздырақ. Егер ол норма шегінде тамақ жеп, ойнайтын болса, жай ғана бақылаңыз да, күтіңіз.

Баланың температурасы 38,3°C (101°F) жоғары көтеріліп, ол өзін жайсыз сезінетін болса, ацетаминофен немесе ибупрофенді беруге болады.

Мүмкін балаңыз вирустан туындайтын диареямен аурып қалған шығар. Сақ болыңыз: алдын алуға болатын және алдын алу қажет болатын ауыр және ұзақ уақыттық диарея – ағзаны құрғауға алып келетін қауіпті жағдай.

Егер балаңыздың үлкен дәреті сұйылып әр 1-2 сағат сайын 8 сағаттан астап уақыт бойы шыға беретін болса, дәрігерге хабарласу қажет. Егер диарея күніне алты реттен аз болып, балаңыз сұйықтықты көп ішіп, белсенділік танытса, дәрігерді шақырмай тұрып, 1-2 күн күтіңіз. Себебі, бала оның көмегінсіз жазылып кетуі мүмкін.

Әдеттегі тамағын бере беріңіз, бірақ қуырылған тамақты және бұршақтұқымдастар мен брокколи секілді жасұнықтық құрамы жоғары өнімдерді бермеңіз.

Әрекет ететін уақыт келді


Балаңыздың жасы алтыдан төмен болса, кіші дәретке алты реттен аз шығып, ерні кезеріп, көзі жасаурай беретін болса және ештеңеге зауқы болмаса, бұл оның ағзасының құрғауға ұшырағанын білдіреді. Егер балаңыздың дәретінде қан немесе ірің бар болса немесе температурасы 39,4°C (103°F) және одан жоғары болса, дәрігермен хабарласыңыз.

Қалай көмектесуге болады


3 жастан асқан балалар іші өтіп жүргені тіралы айтуға ұялады, әсіресе, әжетханаға жетіп үлгірмеген кездерде. Балаңызға оның ұят емес екендігін түсіндіріп, бүлінген іш киімі үшін ұрыспаңыз. Егер баланың көтенінің терісі қызарып кеткен болса, оны жақсылап жуып, вазилин майын жұқалап жағыңыз. Оны баланың өзіне де үйретуге болады, тек қадағаласаңыз болды. Бөлме температурасындағы сұйықтықты түтікше арқылы ішкізіп, құрғау процессінің алдын-алыңыз. Бала бұл жағдайда әжетханаға бірден жүгірмейді. Кейбір балаларға мұздатылған жеміс желесі немесе мұздатылған жеміс шырыны көмектеседі. Қызыл түсті сусындар дәреттің де түсін қызылға бояйтынын ұмытпаңыз және оны қан аралас іш өтумен шатастырмаңыз.

Алдын алу


Барлық аурулардың алдын алу мүмкін болмаса да, олардың жиілігін қысқартуға болады. Ең жақсы тәсіл – қолды мұқият жуу. Балаға тамақ алдында, дәретханадан кейін және мұрнын сіңбіргеннен кейін қолды жуу керек екенін ескертіп тұрыңыз.

Басқа шараларға уақтылы ұйқы, пайдалы және әр түрлі тамақ, сондай-ақ жеткілікті түрде дене шынықтыру жатады.

Жағымды жағы


Бір жағынан алсақ, бала күнінде бастан кешкен жеңіл аурулар балаңызға өмір бойы қызмет ететін иммундық жүйені шынықтыруға көмектеседі. Бұдан басқа, аурудың жеңіл түрлері балаға өзінің ағзасы туралы жаңалықтарды, микробтар мен бациллалардың не екенін, сондай-ақ тұмаумен қалай күресуге болатындығы жайында білуге мүмкіндік береді.

Балаңызға ағзасының қалай жұмыс істейтіндігі мен өзін қалай емдейтіні жайында, жазылып кету үшін неге уақыт қажет екендігі мен бұрын ауырған адамдар қазір неге сау екендігі жайында түсінік беріп, көмектесе аласыз. Бұл Сіздің балаңызға өзінің ағзасын жақсы біліп, аурудың адам өмірінің қалыпты жағдайы екенін түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, мектеп жасына дейінгі өз балаңызға көмектесе отырып, оның өсуіне және дамуына себепші боласыз.

Құшақтасуды ұмытпаңыз


Ауру бала бүкіл отбасының назарын аудартып, өз айналасында шыр айналдырып қояды: көпшік көбірек салынады, ыстығын басу үшін салқын сүлгілер, лимон суы немесе зімбір сусыны немесе дәмді тауық сорпасы беріліп, арқасынан анасы мен әкесінің аялы алақандарының сипағаны кетпейді.

Балалар осы құшақтау мен мәпелеуден өздерін кішкентай сезінеді. Бұл ата-аналарға да ұнайды, себебі оларға өз балаларын "еметайы езілгенше" еркелеткен ұнайды. Мейіріміңіз есте қалатындай ерекше болсын, себебі ертең бәрі де өз орнына келеді!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік