Еңбектейтін балаға қауіпсіз үй

Еңбектейтін балаға қауіпсіз үй

19.03.2014

Біздің үйіміз тек бала еңбектей бастағанша ғана сенімді және қауіпсіз болып көрінеді! Бұл сәтте біздің үйіміз лезде миналар жасырылған алқапқа айналады, бұнда болар-болмас нәрсенің өзі қауіп-қатер көзі болуы мүмкін. Кішкентайымызды қалай қорғасақ екен және оның үй ішіндегі қозғалысын қызықтырарлық саяхатқа қалай айналдырсақ болады?
Біздің қарапайым кеңестерімізді оқыңыз!

1. Сәбидің деңгейіне дейін түсіңіз
Шын мәнінде еңбектеп тұрыңыз да, үйдің ішін баланың көзімен қарап шығыңыз. Әрбір ұсақ-түйекке назар аудара отырып, кішкене еңбектеңіз. Үстел астына кіріңіз, орындық пен төсек астындағы кеңістікті зерттеңіз, қандай розетка Сізге бәрінен бұрын ұнады?

2. Баспалдақтарды бөгеп тастаңыз
Егер Сіздің үйіңізде баспалдақтар бар болса, міндетті түрде оған кіре берісті астынан да, үстінен де бөгеп тастаңыз. Мұндайда есіңізде болсын: жеңіл тасаны бөбек оңай жылжыта салады.

3. Барлық сымдарды тығып қойыңыз
Сіздің үйіңіздегі барлық сымдар сенімді түрде жасырылып қоюы тиіс. Соның ішінде – радио бала баққыш пен телефондардың сымдары.
4. Барлық ірі заттарды бекітіп қойыңыз
Барлық ірі заттар, яғни кез келген жиһаз, техника, аквариум және т.б., жақсылап бекітілгенін қадағалаңыз. Бала еңбектей бастағанда, ол бәрін итеріп, зерттеп жүргісі келеді. Баланың үстіне бір нәрсе құлап, қандай да да болмасын зақым келтірмеуі тиіс.
5. Есіктерді жабыңыз
Баланың кіруіне орынсыз бөлмелердің: ас үй, жуынатын бөлме, дәретхана есіктерін және шкафтар мен т.б. есіктерін жауып жүруді ұмытпаңыз. Бала еш жағдайда қауіпті өнімдерге, химиялық заттарға, ұсақ-түйек заттарға және өзге қауіп төндіретін заттарға қолы жетпеуі тиіс.

6. Бұрыштарды жұмсартыңыз
Жиһаздың және басқа үй заттарының үшкір бұрыштарына жұмсақ нәрсе жапсырылуы тиіс, ал розеткаларды жақсылап жауып қою керек.

Еңбектеген бөбегіңіздің тек қуанышы мен қызығын көріңіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.