Сәби өміріндегі салттардың маңыздылығы туралы

Сәби өміріндегі салттардың маңыздылығы туралы

Suzanne Dixon

03.06.2014

Балалар ересектерге жалықтыратын болып көрінетін тұрақтылық пен сенімділікті аса бағалайды. Күнделікті қалыптасқан тәртіп балаларға өздерін қауіпсіздікте сезініп, тәртіппен танысуға көмекетеседі.

Бұл бір уақытта тамақтану немесе ұйықтар алдындағы бесік жыры сияқты мектепке дейінгі балалардың өмірінде қалай негіз қалаушы жайтқа айналатынын түсіндіреді. Отбасыңыздың өмірі қанық, күтпеген оқиғаларға толы, шамадан тыс күрделі кестеге ие болса, осындай тұрақты элементтер Сіз және Сіздің балаңыз үшін аса маңызды болуы мүмін.

Мейрамдар мен баланың дүниеге келуі сияқты салтанатты күндер – тұрақты отбасы салтанаттарын қалыптастырудың маңызды кезеңі: бір азықты тұтыну, бір арнайы тағамдарды жеу мен бір әшекейлерді пайдалану және бір оқиғалар балаларға қайта-қайта өз тегін, құндылықтары мен өзіндік ерекшелігін тану мүмкіндігін береді.

Балаларға іс-шаралар туралы алдын-ала айтып, оларды дайындыққа тартыңыз. Өзіңіз бала болғанда өткен сондай немесе ұқсас салтанаттың суреттерін көрсетіңіз. Балаңыз осы жастағы барлық байланыстарды түсіне қоймаса да, ол өзін отбасы мүшесі және дәстүрдің бір бөлігі ретінде сезіне алады.

Отбасыңыздың дәстүрлерін ұната қоймасаңыз, жаңасын ойлап табыңыз! Күндердің бір күнінде балаларыңыз «Отбасымызда біз осылай істеуші едік...» дегендерін естіп жүрерсіз, себебі бұл олардың өмір бойы жалғасын тапқан дәстүрлері!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.