Балалар кереуетін ыңғайлы және қауіпсіз етудің 11 кеңесі

Балалар кереуетін ыңғайлы және қауіпсіз етудің 11 кеңесі

Jane Chou

27.05.2014

Баланың кереуеті баланың демалатын, ойнайтын және түнде (әрі таңертең, күндіз және кешке!) ұйықтайтын сенімді панасы болуы тиіс.

Кереует қауіпсіз болу үшін оның бөлшектерін ара-тұра тексеріп, жөндеп немесе бөлшектерін ауыстырып тұрыңыз. Балаңыздың қауіпсіз және жақсы ұйқысын қамтамасыз етуге арналған бірнеше кеңес:

Кереуеттегі баланың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін 11 кеңес


1. Баланы әрдайым арқасымен жатқызыңыз
2. Кереуеттің жиегі мен матрас арасында саңылау қалмас үшін қатты матрасты өлшемі бойынша таңдаңыз
3. Кереуеттен барлық жастықтарды, ойыншықтарды, пледтерді, жапқыштарды және бамперлерді алып тастаңыз
4. Балаға пижама кигізіп, көрпесіз ұйықтатып көріңіз
5. Кез-келген салпыншақ ойыншықтарды баланың қолы жетпейтін жерге сенімді бекітіңіз
6. Балаңыз еңбектеп тұратын болса немесе жасы 5 айдан асып кетсе, салпыншақ ойыншықтарды мүлдем алып тастауға болады
7. Кереуеттен перделер мен радиотолқынның сымын алып тастаңыз
8.Сынып қалған жерлері, бекітілмеген немесе бөлініп қалған бөлшектері (жалайтын немесе жарылатын бояуды қоса есептегенде) болмас үшін кереуетті тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз
9.Барлық бұрандамалары мен сомындарын сенімді қатайтыңыз
10. Кереует түсірілетін бортпен жабдықталған болса, (бұндай кереуеттерге 2011 жылдан бастап тыйым салына бастады) оны ауыстырған жөн. Егер оны ауыстыру мүмкін болмаса, сатушымен немесе өндірушімен байланысып, бортты қозғалмайтын етіп бекіту үшін тегін жабдықтарды сұраңыз.
11.Бала тұрып қалуы мүмкін саңылалары бар кереуеттерді алмаңыз. Бұған арасындағы қашықтық 6 см болатын (2 3/8 дюйм) торлар мен декоративтік ойықтары бар бүйірлі панелдер кіреді.

Егер Сіз көркем, нәзік интерьер туралы ойлаған болсаңыз, уайымдамаңыз: балаңыз өскен кезде, оның бөлек кереуетіне керемет жастықтар мен жұмсақ ойыншықтарды қойып қоятын кез келеді. Ал оған дейін Сіз өзіңізді балаңыздың сенімді, қауіпсіз кереуетте тыныш ұйқысы үшін қолдан келгеннің бәрін жасағаныңызбен жұбата аласыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск