Балалар фотосуреттері

Балалар фотосуреттері

Lisa M. Gerry

27.05.2014

Нәрестелер мен сәбилерді фотосуретке түсіру жабайы табиғатты фотоға түсіретін фотографтың жұмысына ұқсайды: кейіпкерлеріңіздің жүріс-тұрысын алдын-ала болжау мүмкін емес, бір орында ұстап отырғыза алмайсыз. Бұндайда баланың көңілін таба білсеңіз, барлығы үшін де жақсы болады.

Себебі, Сіз үшін оның көңілді түскен фотосуретінен артық марапат болмайды. Төменде балаларды фотосуретке сәтті түсіруге көмектесетін бірнеше кеңестер берілген.

Суретке түсіріп жатып, жақсы сәтті ұстап қалуға тырысыңыз


Баланың дене қалпы туралы көп ойланбаңыз. Сіздің суретіңіз сәтті шығу үшін ол бір орында ұзағынан отыра алмайды, Сіз оның күлімдегенін кұтіп қаншалықты уақыт созып тырыссаңыз, соншалықты бұл сәтке қол жеткізу мүмкін емес сияқты.

Неге сәбиіңіздің кілемшеде жатқанын немесе ойнап жатқан сәтін түсіріп алмасқа? Бұдан басқа, сәбиіңізді барынша жақсы және жақын түсіру үшін тізерлеп, болмаса еденге отырып немесе жатып түсіруге де болады.

Баланы күлімдеуге мәжбүрлемеңіз


Балаңыз өз еркімен күлсе, суреттің жақсы шығатынын түсінетін шығарсыз.
Балаңыздың жаратылысын дәл осы сәтте білуге болады.

Бала күлу үшін бетіңізді әр түрлі етіп тыржитып көріңіз. Егер бала 2-3 жаста болса, күлдіргі түр жасаңыз немесе есіне бір күлкілі нәрсені түсіріп көріңіз.

Суретке түсіруді тоқтатпаңыз


Балаларды суретке түсірудің міндетті ережесі: суретке барынша көп түсіре беріңіз. Бір керемет суретті алам деп ізіне түсіп алмай, әр жағынан көптеп түсіре беріңіз.

Балалар фотосуретке түсіру кезінде қозғалып, түшкіріп немесе тағы бірдеңе істей қалатын әдеттерін ескеріп, суретті қаншалықты көп түсіре берсеңіз, соншалықты жақсы сурет алуға болатынын ескеріңіз.

Суретке түсіруді ұстап қалуды орнатыңыз


Фотоаппараттың суретке түсіруді ұстап қалу күйін келтірудің мүмкін не мүмкін еместігін анықтап алыңыз. Суретке түсірудің ең жоғары жылдамдығы бала жүгіріп, секіріп, айналып немесе ойнап жатса да, айқын түсіре алады. Ұстап қалу қаншалықты аз болса, суреттің бұлдырлығы соншалықты аз болады.

Есіңізде болсын: фотосуреттерді міндетті түрде шығарыңыз! Альбомдағы сурет фотоаппараттағы бейнелерге қарағанда әлдеқайда әсерлі болады. Күнтізбеге суретті түсіретін күнді белгілеп, айына бір рет сандық суреттерді басып шығарыңыз. Сіз бұған ешқашан өкінбейсіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы