Жаңа туған нәрестелерге арналған жөргектер және кіндікті күту

Жаңа туған нәрестелерге арналған жөргектер және кіндікті күту

19.03.2014

Бала өмірінің алғашқы айларында жөргекті жиі ауыстыру қажет екеніне дайын болыңыз – әрбір тамақтандырудан кейін және қажеттілігіне қарай. Қазіргі жөргектердің сырты үнемі құрғақ болады, сондықтан абайлаңыз.
Сонымен бірге, жөргекті ауыстырғанда, Сіз үнемі кіндікке көңіл аударуыңыз керек, ол туғаннан бастап шамамен екі аптадан кейін түсіп қалады. Кіндіктің жөргекке қажалмауын қадағалаңыз – бұл үшін арнайы ойықты пайдаланыңыз немесе жөргекті аздап қайтарып қойыңыз.
Жөргекті ауыстыру.
• Үнемі ылғалды сулгіні пайдаланыңыз, әсіресе, жөргек былғаныш болған жағдайда.
• Егер баздануға қарсы жақпа майды немесе кремді қолдансаңыз, оны балаға таза жөргекті кигізер алдында жаққаныңыз жөн.
• Жөргек баланың денесіне тығыз киілуі тиіс, ал ілгіштері алдынғы жағынан бекітіледі.
• Егер жөргек айналасындағы терінің қызарғанын байқасаңыз, бұл оны қатты тартып тастағаныңызды немесе жөргектің үлкен өлшеміне ауысу керектігін көрсетеді.
Кіндікке күтім жасау.
• Баланың кіндігі өзі түспегенше (әдетте ол туғаннан кейін 10-20 күнде түседі), оған күтім жасаңыз.
• Жөргек ауыстырған сайын кіндікті таза мақтамен сүртіңіз.
• Кіндік түбіне ерекше көңіл аударыңыз. Оған кір түсіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Кіндікке ауа келіп тұруын қамтамасыз етіңіз. Осылайша ол тезірек құрғайды және жазылады.

Соңғы кеңес: егер баланың сымы, жөргектің барына қарамастан, су екенін байқасаңыз, онда жөргектің үлкен өлшеміне ауысатын уақыт келді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск