Мерзімі жетілмей туған баланы киіндіреміз

Мерзімі жетілмей туған баланы киіндіреміз

Jennifer Kelly Geddes

27.05.2014

Көптеген аналар жүктілік кезінде балаларға арналған киім дүкендерін аралауды жақсы көретінін мойындайды. Сәбилерге арналған әдемі телпектер, көз тартарлық джинсылар мен кішкентай пижамалар көздің жауын алады да тұрады. Егер уақытынан бұрын босанып жатсаңыз, қажетті киімді алдын-ала дайындап қоюға үлгермеуіңіз мүмкін. Біздің кеңестеріміз көмектесер!

Ақылды шоппинг

Сәбилердің әдемі киімін көрген кезде тоқтау қиын, бірақ киімді көп алмауға тырысыңыз. Себебі, нәрестеңіз қазір кішкентай болып көрінгенімен, тез өсіп, тез салмақ қосып, мерзімі жетілмей туған сәбилердің киіміне сыймай қалады.

Қазір ірі өндірушілер мерзімінен бұрын туылған ұлдар мен қыздарға арналған бөлек өнімдер қатарын шығара бастады. Сауданы алдымен трикотаж комбинизоны мен екі бодиден бастаңыз.

Жөргектер жөніндегі кезекші

Әңгіме мерзімінен бұрын туылған сәбилерге арналған жөргектерге қатысты болса, қазіргі аналардың керемет шешімді пайдалану мүмкіндігі бар. Мерзімі жетілмей туылған сәбилерге арналған Pampers жөргектері салмағы 1,8 кг болатын сәбилерге есептелген. Оның қосымша ыңғайлылығы баланың беліндегі жөргектің жоғарғы жиегін қайыруды қажет етпейтін кіндікке арналған арнайы ойығында болса керек.

Жылы және жайлы

Мерзімі жетілмей туған сәбилердің май қабаты аз болғандықтан, олар жылу реттеумен қиналады. Бұндай балаға салмақ қоспайынша екі қабат киім кигізген жөн.

Күн бірқалыпты жылы болған кезде балаға ішкөйлек пен трикотаж комбинезон кигізіп, содан соң жұмсақ көрпеге орап қою керек. Сонымен бірге жылуды сақтайтын (және өте сүйкімді!) телпек пен кішкентай пинетканы кигізуді ұмытпаңыз!

Нәзік жуу

Мерзімі жетілмей туған сәбилердің терісі сезімтал болғандықтан, баланың киімін бөлек жуған дұрыс, әсіресе, бастапқы уақытта, және де жуғанда жұмсартқыш құралды қосып жуыңыз.

Егер сәбиде бөртпе шығып кетсе немесе қызару басталса, пайдаланып жүрген сабынның маркасына мән беріңіз және педиатрдың ем беруін сұраңыз.

Мерзімі жетілмей туған балаларға арналған көптеген әдемі заттар бар, бірақ көзіңіз таңдауы көп кәдімгі балаларға арналған киімдер үлгісіне жүгіріп кетпесін. Уайымдамаңыз! Кішкентай киім – бұл уақытша қиындық. Алдағы күндері сәбиіңіздің денесі өз қатарластарындай-ақ болады.

Ал қазір оның кішкентай ползункилері мен ит жейделерін сақтап, балаңыздың алғашқы айларын ұмытпауға тырысыңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік