Сәбимен бірге мейрамханаға бару: біздің кеңестеріміз

Сәбимен бірге мейрамханаға бару: біздің кеңестеріміз

Armin Brott

19.03.2014

Баламыз бір жастан асқан кезде мен әйеліммен бірге ол жүкті болғанға дейін бірге барып жүрген мейрамханаға баруды шештік. Мен баланы өзімізбен бірге алып, әрі қарай жағдайға қарай әрекет етеміз деп ойлағанмен, әйелім қызымыз стресске ұшырап, отырғызбайды деп ойлады. Әйелім айтқандай болды. Қызымызбен бірге ресторанға барған сапарымыз опат болды. Барлығының күл-талқаны шықты. Содан соң, бір жарым айдан кейін екінші рет баруға бел байладық. Бұл жолы біз жоспар әзірлеп барғанбыз. Әрине, әйеліміз екеуміз үйден тыс жерде тамақтану жағын ойлап уайымдадық. Күткеніміздей, қызымыз стақандағы суды төгіп, официанттың қамқорлықпен әкеліп берген фломастерінің бірін сындырып тастады. Дегенмен, көрші үстелдегі қонақтардың баламыздың жақсы тәртібі үшін мақтағанда жоспарымыздың жүзеге асқанын түсіндік.
Орынды таңдау:
• Балаңыздың тыныш отыратындығына көзіңіз жетіп тұрса, адамы көп, шулы орындардан аулақ отырыңыз.
• Алдын-ала телефон арқылы ресторанның балаларға бейімделгендігі және онда биік орындықтардың бар-жоғы туралы біліп алыңыз.
• Интерьері қарапайым орындарды таңдаңыз. Ақ дастархан мен хрусталь бокалдар баланың жауы. Аулақ ұстаңыз.
Ресторанда
• Шығатын есікке жақын отырыңыз, себебі, Сізге жылап жатқан баламен рестораннан тез шығып кету керек болуы мүмін.
• Егер балаңыз тамақ жегісі келсе, оған тамақ пен бірнеше қасықты алуды ұмытпаңыз. Бірнеше қасық қолыңыздағы қасық жерге түсіп қалғанда қапа болмас үшін керек.
• Егер балаңыз өзі жүретін болса, қонақтардың оны көргеніне және келгеніне қуанышты болатындығына сенімді болмасаңыз, басқа үстелдерге жақындауына жол бермеңіз. Сізге жақсы болып көрінген нәрсе, оларға ұнауы шарт емес. Одан басқа, бала официанттың аяғының астында қалып қоюы мүмкін.
• Егер балаңызды тізеңіздің үстіне отырғыңыз келсе, өте абай болыңыз. Балалар ресторанда аса белсенді болып, білімқұмарлығы ұстап, ең ыстық және ащы нәрсеге қол созып, стақанды үстіңізге төгіп, өздері жасаған берекесіздікті бақылап мәз болып отыруы мүмкін.
• Ресторан қызметкерлері балаңызға қарайды деп үміттенбеңіз, олардың жұмысы онсыз да көп.
• Тұрып, кетіп қалғандығыңыз үшін ұялмаңыз, кез-келген бала есірігі ұстап немесе ауырып қалуы мүмкін.
• Баланың ұйқысы келген кезде ресторанда кідірмеңіз. Таныс емес жерге келу – бала үшін үлкен күйзеліс.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

«5 жұлдыз» теріні қорғауға арналған жібек жұмсақтығы