Маргарита  – қыз бала үшін керемет ат

Маргарита – қыз бала үшін керемет ат

19.03.2014

Жаңадан туылған сәбиге ат ойлап табу жүктіліктің және өзіңді ата-ана сезінудің қатты толқытатын сәттерінің біріне айналды!

Көптеген басқа әйелдер сияқты, мен де бала көтермей тұрып-ақ балалардың аты жазылған құпия тізімді жасап қоятынмын. Кейбір есімдер және олардың мәндері дәстүрлі, енді біреулері сәнді, ал кейбіреулері әдебиеттен алынған болатын, бірақ олардың бәрі мен үшін белгілі бір дәрежеде ыстық еді.

Мен ешқашан да ешкімге бұл тізімді көрсеткен емеспін, сөйтіп, бір күні күйеуім екеуіміз бәрі ойдағыдай болғанын білдік! Біз бала сүйетін болдық! Күтпеген жерден соншама сақтап жүрген бала аттарының тізімі өзінің маңыздылығын жоғалта бастады. Қазір әңгіме өзегі сол атпен өмір сүретін нақтылы бір адам баласы жайлы болғандықтан, біз қалай болса солай ат қоя алмайтын болдық.

Біз балалардың аттары бар кітаптардың ондаған беттерін қарап шығып, маған да, күйеуіме де ұнаған аттарды белгілеп шықтық. Олар ешқашан да сәйкес келмейтін, содан талқылаулар жалғаса беретін...

Біз баланың жынысын туғанынша білмеген соң, бізге бір емес, екі ат бойынша ортақ шешімге келу қажет болатын! Біз ұлға ат таңдауда оңай келісе қойдық, ал қызға ат таңдау анағұрлым қиын болып шықты. Менің қыздарға арналған мектепте сабақ беретінім жағдайды айтарлықтай күрделетіп жіберді, менде бұрынғы және қазіргі оқушы қыздарымның аттарына байланысты ойда қалған бейнелер өте көп еді, сондықтан да біз үшін мінсіз болатын ат таңдау мүлдем мүмкін емес болып кетті. Уақыт зымырап отырып мәресіне жетіп қалды. Шын мәнінде солай!

Біз ауруханада жүрдік және есіміміз не болғанын әлі де шешкен жоқпыз. Босанған кезде де келісімге келе алмай қойдық. Біз әдеттегідей: «Алдымен баланы көріп алайық, сосын барып оған ат таңдаймыз» деп айттық та, сонымен тоқтадық.

Сөйтіп, қызымыз туғанына 2 күн өтсе де, біз әлі оған ат қоймадық. Мен өзімді жаман сезіндім, өйткені сонша жыл өзімнің балалар есімінің тізіміне жаңа аттар қосып, оны жақсартып жүрген едім, ал енді менің жаңа туған қызым жай ғана «бөбегім» деп аталып қалды.

Бізге перзентханадан шыққанша балаға ат қоюымыз керектігін айтты. Сонда менің күйеуім Маргарита деген керемет есімді ұсынды.
Әрине! Неге біз бұны ертерек ойлап таппадық? Біздің үлкен әжелеріміздің аты сондай болған. Менікінің де, күйеуімнікінің де. Классикалық есім, сонымен бірге неше түрлі лақап аттар қоюға да болады.

Біз бақыттан басымыз көкке тигендей болды. Өзіміздің жасаған таңдауымызға және кішкентай аруымыз Ритаға өте риза болдық.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.

Қуыршақтарды шомылдыру

  • Орын:

    Үйде

  • Дамытамыз:

    Қиялдар

  • Сізге не қажет

    Резеңке немесе пластмасса қуыршақтар, нәресте банное сүлгісін, ванна кілемше