Балалар киімін сатып алу  алдындағы 3 кеңес

Балалар киімін сатып алу алдындағы 3 кеңес

Caitlin Ultimo

27.05.2014

Енді, нәрестеңіз үйде болған кезде, дүниеге келуін күтіп жүргенде қайта-қайта көріп, ала алмай жүрген сүйкімді киімдерін кигізіп, оны сәндеп қоятын уақыт келді!
Дүкенге бармас бұрын үш маңызды нәрсені ескеріңіз, сонда ғана Сізде балаларға арналған керемет гардероб болады.
1. Сәби киімінің өлшемі
Балалар киімін сатып алғандағы алтын ереже: сәл үлкенірек алу. Көптеген балалар бір айдың өзінде жаңа туған нәрестенің өлшемінен бірден үш айлық сәбидің өлшеміне дейін өсіп кетеді!
Сәл үлкен киім алу – ақшаны ғана үнемдеп қоймай, балаңызға да жайлылық сыйлайды.
Дүкенде үш жағдайды ескеріңіз. Біріншіден, заттаңбада көрсетілген жастың төменгі шегіне қараңыз. Мысалы, киімде 3-6 айлық сәбилерге деп жазылған болса, онда ол 3 айлық сәбиге жарайтын болғаны. Екіншіден, тек жасына қарамай, салмағы мен бойына да мән беріңіз. Олар да заттаңбада көрсетіледі. Үшіншіден, киім өлшемі көбіне маркасына байланысты болады. Сәбиіңіз үшін өлшемі көрсетілген бренд тауып алған болсаңыз, тура сол өндірушінің заттарын сатып алуға тырысыңыз.
2. Тазалық пен күтім
Киім балаға жақсы жарасып қана қоймай, жақсы тазартылатын және жақсы жуылатын болуы тиіс. Сатып алғаннан бұрын осы әдемі комбинезонды қалай дұрыс жуу керектігін анықтаңыз. Нәрестемен жүріп Сіздің қолмен кір жууға уақытыңыз да болмауы мүмкін.
Сәбиге жаңа затты кигізбестен бұрын, оны жуып алыңыз. Жаңа туған баланың терісі өте сезімтал келеді, содан соң Сіз ол киімнің сатып алғанға дейін қай жерде, қалай сақталғандығы туралы ештеңе білмейсіз.
Сәбилердің киімін ересектердің киімінен бөлек жуу – сәбидің терісін сақтаудың тағы бір жақсы әдісі.
3. Аяқ киімге дайын
Сәбиіңіз жүре бастаған кезде оған аяқ киімнің орнына жұмсақ шұлықтар мен пинеткалар кигізіп қоюға болмайды. Сәл үлкендеу етіп табаны резеңкеленген ыңғайлы бәтеңкелерді сатып алыңыз. Сәбиіңіздің бірінші аяқ киімі естелік сувенирге айналып кетпейінше, оның тура келуін ара-тұра тексеріп тұрыңыз.
Сәбиіңізге жаңа киім сатып алу – ештеңеге де теңесе алмайтын рахат! Біздің кеңестерімізді есте сақтасаңыз, балаңыз жайлылықта өсіп қана қоймай, қоршаған адамдарға да жақсы әсер қалдырады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.