Балалар тауарларын сатып алу

Балалар тауарларын сатып алу

Melainie Edwards

27.05.2014

Құрсақ көтергеніңізді және баланы дүниеге әкелуге дайындалып жүргеніңізде сәбилерге арналған заттардың барлығын алғыңыз келіп, өзіңізді әрең ұстайсыз. Жөргектер, бала кереуеті және автокресло секілді балаларды күтуге арналған заттардан бастап, сүйкімді киімдер мен ойыншықтарға дейін сатып алғыңыз келеді.

Дегенмен, өзіңізді ұстаған жөн болар. Балаларға арналған барлық заттар бірдей қажет болмайды. Қажетті нәрсені сатып алғаныңызға қалай көз жеткізуге болатынын біліп алыңыз және онымен қоса ақша үнемдеуді үйреніңіз!

1. Сәбиге арналған сыйлықтарды күтіңіз


Достарыңыз бен отбасы мүшелері балаңыздың туған күнін тойлау үшін салтанатты сәтті ұйымдастырғысы келетін болар. Бірдей зат алып қоймас үшін ірі зат сатып алмай тұрып, келетін сыйлықтарды көріп алыңыз.

2. Қажетті заттардың тізімін жасаңыз


Баланың дүниеге келу қуанышымен бірге балалар дүкендеріндегі барлық заттарды сатып алғың келеді. Себебі, барлығы сондай әдемі, сондай пайдалы болып көрінеді!

Бірақ ақша мен уақытты үнемдеу үшін алғашқы айда аса қажет болатын заттардың тізімін жасап алыңыз. Ойыңызға келіп тұрған кезінде "шомылу", "бала бөлмесі," "саяхат" және " тамақтану" секілді санаттар бойынша тауарлар тізімін жасаңыз (тізімді қол астында: әмияныңызда немесе телефоныңызда сақтаңыз!).

Тізімді жасап болған соң, оны ұстаныңыз.

Серуендеп жүріп, кездейсоқ тізіміңізде жоқ нәрсені көріп қалсаңыз, атауын түртіп алыңыз. Үйге қайтып келген кезде басқа аналардың пікірін салыстырыңыз немесе затты сатып алу туралы ақырғы шешім қабылдамай тұрып, құрбыларыңыздың пікірін біліңіз.

3. Бір өлшемге үлкен киім сатып алыңыз


Жаңа туған балаға сәйкес келетін киімдердің бірнеше жиынтығын сатып алыңыз, сондай-ақ бастапқы қажет болған өлшемнен бір (немесе тіпті екі) өлшем үлкен болатын кейбір заттарды сатып алу туралы ойланыңыз.

4. Қолдан не сатып алуға болатындығын ойлаңыз


Сәбилер тез өседі, сондықтан бұрын пайдаланылған киімдерді сатып алу – ақша үнемдеудің жақсы бір мүмкіндігі.

Әрине, Сіз жаңа күйінде сатып алғыңыз келетін заттар да бар, мысалы, жөргектер мен автокресло, бірақ балалар киімі, балалар әткеншегі, тербегіш кресло секілді басқа да заттарды жақсы жағдайда ұсталған болса, сатып алуға болады. Шамалы тазартсаңыз болғаны – балаға арналған керемет нәрсе дайын!

5. Балаларға көп керек емес


Тараған пікірге қарамастан, балаларға негізгі заттардан басқа (жөргектер, балалар кереуеті және т.б.) көп зат керек емес. Балалар тауарларының көпшілігі пайдалы болғанмен, аса қажетті бола бермейді.

Кішкентай сәбидің пайда болуы үлкен шығындармен байланысты болса да, әрбір ана бюджетті сақтауға тез-ақ үйренеді. Тағы да бір қарапайым ережені есте сақтаған жөн: чектерді сақтаңыз! Балалар тауарларының саудасына қызып кетіп, көп алып қойған болсаңыз, керек емес деп ойлаған кейбір затарыңызды қайта тапсыруға болады. Міне, ақылды шоппинг деп осыны айт!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік