Таңертеңгі жүрек айнуды болдырмаудың немесе басудың 10 кеңесі

Таңертеңгі жүрек айнуды болдырмаудың немесе басудың 10 кеңесі

Elaine Zwelling

27.05.2014

Жүктілік кезінде барлығы жүректі айнытып тұрғандай жиіркенішті болып көрінуі мүмкін, әсіресе таңертең – тамақтың иісі мен түрі, тіпті, тамақ туралы ойдың өзі жиіркенішті болады. Сол кезде жүктілік деген керемет кезең неге жүрек айнуына қатысты екен деп ойлауыңыз мүмкін. Бірдеңесі дұрыс емес пе?

Бекер уайымдамаңыз! Сізде жай ғана "таңғы жүрек айну", және де бұған жалғыз Сіз ғана ұшырамайсыз.

Таңғы жүрек айну дегеніміз не?


Жүрек айну – жүктіліктің кең тараған белгісі. 50%-дан 70%-ға дейінгі жүкті әйелдер алғашқы триместрде осыдан қиналады. Бірақ бұл қалыпты нәрсе болып қана қоймай, жүктіліктің жақсы өтіп жатқандығының белгісі болып табылады.

Бұл "таңғы жүрек айну" белгісі деп аталса да (әсіресе бұл жағдай таңертең қатты байқалады), жүрек айну сезімі немесе құсу кез-келген уақытта болып отыруы мүмкін.

Аталған белгі дамып жатқан плацентадан бөлінетін hCG гормонынан туындайды деп саналады, бірақ қандағы қанттың төмен деңгейі, асқазандағы жоғары қышқылдық, күйзеліс пен шаршау секілді факторлар да жағымсыз рөл ойнайтынын ескерген жөн.

Таңғы жүрек айнуды қалай болдырмауға болады


Алдын-алу – бұл таңғы жүрек айнуды болдырмаудың жақсы жолы. Кереуеттің жанындағы тумбочканың үстіне майсыз крекерлерді, күріштен жасалған тәтті тоқашты немесе шоколадтың бір тілігін қойып, жүрек айнығанда қандағы қанттың деңгейін көтеру үшін соны жеңіз.

Тамақты күніне үш рет көптеп жегенше, асқазанды бос қалдырмай, қандағы қанттың құрамын тұрақты ұстап тұру үшін күніне бес-алты рет тамақты аздап қабылдаңыз. Өсіп жатқан бөпеңіздің қажеттілігін қанағаттандыру үшін диетаңызда міндетті түрде ақуыз (ет, балық, жұмыртқа, ірімшік) пен күрделі көмірсулардың (жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар) мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

Тамақтану жөніндегі сарапшылардың кейбіреулері жүрек айнудың алдын-алу үшін В6 дәруменінің 75–100 мг қабылдауды кеңес етеді. Міндетті түрде жүктілерге арналған дәрумендерді қабылдаңыз және ащы, майлы тамақты жемеңіз, сондай-ақ, денеңіздің қызып кетуіне, терлеуіне жол бермеңіз және ұзақ демалыңыз.

Жүрек айнуды тоқтату жолдары


Жүректі айнытатын факторларды жоюдан бөлек келесі шараларды қабылдап көріңіз:

1. Мұрынмен демалып, демді аузыңыздан шығарыңыз немесе әдемі бір нәрсені елестетіп көріңіз.
2. Мұз қиыршығын немесе жас лимонның тілігін сорып немесе шайнап көріңіз.
3. Тіс тазалау кезінде құсқыңыз келіп кетсе, ауыз шаюға арналған сұйықтықты пайдаланып көріңіз. Ауызда жақсы иіс қалу үшін оны жиі шайып тұрыңыз.
4. Асқазандағы қышқылды бейтараптандыру үшін бір стақан сүтті немесе кальцийдің екі таблеткасын жеп көріңіз.
5. Тамағыңызға мұздай матаны немесе мұзы бар пакетті басып көріңіз.
6. Көкөністер мен басқа тамаққа үгітілген зімбірді қосып көріңіз (жүрек айнуға қарсы табиғи құрал).
7. Түймедақтың тұнбасын немесе зімбір шайын ішіп көріңіз.
8. Тамақ жегіңіз келмесе де, сұйықтық ішіңіз (тамақты бөлек жеп, сұйықтықты бөлек қабылдауыңызға болады).
9. Бас сүйегінің түбіндегі (құлақтар арасындағы желке жақ) сүйектерді қысып басыңыз немесе оған мұз қойыңыз.
10. Жүрек айнуға қарсы білезіктерді тағып көріңіз. Білезіктерде акупунктуралық нүктелерге әсер ететін арнаулы батырмасы болады, сөйтіп ол жүрек айнуды жеңілдетеді. Білезіктерді дәріханалардың көбінде сатып алуға болады.

Проблемаға жалпы көзқарас


Бір жақсысы, гормондар азайып, бірқалыпты деңгейге келген кезде көптеген әйелдер жүктілігінің төртінші айына қарай таңғы жүрек айнудан құтылады.

Егер жүрек айну мен құсу күніне 1-2 реттен артық болып, Сізге тамақ жеуге немесе сұйықтық ішуге мүмкіндік бермесе, немесе бірінші триместрден кейін де жалғаса беретін болса, бұл жөнінде дәрігерге хабарлаңыз. Сізде жүктілерде болатын және емді қажет ететін гиперемезис деген проблема болуы мүмкін.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.