Туғанға дейін баланы оқуға баулудың 5 тәсілі

Туғанға дейін баланы оқуға баулудың 5 тәсілі

Suzanne Dixon

21.05.2014

Үнемі кітап оқу арқылы болашақ балаңызға бұл іске деген ынтаны дарытасыз.

1. Күнделікті оқу уақытын анықтаңыз


Тыныш, жарығы жақсы және кейіннен Сізге қосылатын балаңыз екеуіңізге қолайлы болатын креслосы бар тыныш жерді тауып алыңыз.

Отбасыңызда кішкентай жаңа оқырман пайда болатын сәтке дейін кітапты күнделікті оқып жүруге дағдыланыңыз.

2. Өз балалық шағыңыздағы кітаптарды оқыңыз


Балалық шақтағы әңгімелер мен суреттерді көргенде баяғыда ұмытылып кетті-ау деген қаншама нәрсе еске түсетініне таң қаласыз. Кейбір кітаптар ескіріп кеткендей, кейбіреуінің әлі маңызы бар сияқты болып көрінеді. Кішкентай сәбиіңізге оқып бергіңіз келетін кітаптарды таңдаңыз.

Сізге кітап оқып берген ата-анаңызбен және туысқандарыңызбен сөйлесіп, оларға алғыс айтыңыз. Енді Сіз өз отбасыңыздың кітап оқу салтын жалғастыруға дайынсыз.

3. Кітаптардың тізбесін құраңыз


Өз достарыңыз бен отбасы мүшелерінен балаңызға өздері мен балалары үшін қымбат болатын кітаптарды сұрап алыңыз. Бұл балаларға арналған әдебиет рецензиясының бір тегін қызметі секілді. Себебі, оқырмандар сүйіп оқитын кітаптар ең жақсы кітаптар болып табылады.

4. Үйді оқырман көзімен шолып шығыңыз


Кітап оқуды әдетке айналдырған үйдің әр бөлмесінде кітап болуы тиіс. Сіздің үйіңізде де солай ма? Егер бала кітап оқитын, кітапқа толы үйде өсетін болса, кітапты оқу оның күнделікті өмірінің бір бөлігі болуы мүмкін. Сіз оған сондай үлгі бере аласыз ба?

Бала бақшаларды аралап, Сізге келетін тәрбиешілермен әңгіме жүргізе отырып, олардың кітап оқуды қалай ұйымдастыратындығы туралы сұраңыз. Кітап оқу олардың бала тәрбиелеу жоспарының басым бөлігі екендігіне және олар бұның Сіз үшін маңыздылығын түсінетіндігіне көз жеткізіңіз. Балабақшаны таңдау кезінде Сізге көптеген факторларды бағалауға тура келеді, ал оқу мен сөйлеу сабақтары Сіздің тізіміңізде болуға тиіс.

5. Сәбиіңіздің өмірі туралы кітап жазыңыз


Бала көтеріп жүрген кезіңіздің аяғында күнделікті не істеп жүретініңіз жайында жаза бастаңыз. Толық бір оқиғаның немесе қысқа бақылаудың егжей-тегжейлі (мүмкіндігінше суретпен толықтырылған) сипаттамасы кейіннен ол Сіз оны құрсақта көтеріп жүрген кезде не істегеніңіз туралы хикая оқығанда маңызды болады.

Балалар көп жағдайда өзі туралы оқығанды жақсы көреді. Сондықтан осы бастан жаза бастаңыз. Көп ұзамай бала өзінің күнделікті оқиғаларын ерекше қызығушылықпен айтып беріп, Сізбен авторлықты бөліскен кезде таң қалғаныңызда шек болмас.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.