Кішкентай сәбидің  құрдастарымен  бірінші ойыны сәтті өту үшін не істеу керек

Кішкентай сәбидің құрдастарымен бірінші ойыны сәтті өту үшін не істеу керек

Amanda Nesbot

03.06.2014

Құрдастарымен алғашқы ойындар балалар үшін де, ата-аналар үшін де тамаша уақыт өткізу бола алады. Бірақ еркелік нышандары және ойыншыққа бола талас басталғанда, бұл жағдайда ешкім қуана қоймайды.

Сіздің өсіп қалған балаңыз (және өзіңіз) осы уақытты көңілді әрі жайбарақат өткізу үшін жас ата-аналарға берілетін міндетті кеңестерге жүгініңіз.

Құрадастарымен алғашқы ойынды қай жаста ұйымдастыру керек


Балаңыз басқа балалармен белсенді түрде араласуды үш жастан бұрын бастай қоймас. Оған дейін ол олардың жанында отырып, олармен шынымен қарым-қатынаста бола алмайды. Бұл параллель ойын деп аталады.

Балаңыз олардың сезімдеріне көңіл аударғандығын (мысалы, басқа баланың неге көңілі жоқтығын сұраса) және не жасап жатқандығына қызыға қарайтындығын немесе оның көршісі не ойнап жатқандығын байқайтындығын көрсеңіз, онда ол басқа балалармен ойнауға дайын екендігін білдіреді.

Осы жастағы балаңыз ынтымақтастық ережесін әлі де білмейді және қанағатсыздық сезімін айту үшін сөздік қоры жеткіліксіз екендігін есте ұстаңыз. Сондықтан ойын ойнағанда эмоциялары бақылаудан тыс шыққан жағдайда Сіз дайын болуыңыз керек.

Ортақ ойын ойнауға қалай дайындалады


Алдымен басқа баланың ата-анасымен сөйлесіп, ойынның мақсаты қандай болатындығы жөнінде шешіп алыңыз. Ойын ұзақ болмаса, шаршағаннан немесе шамадан тыс қозудан туындайтын ренішке жол бермеуге көмектесе алады.

Кездесудің күні мен уақытын белгілеп, оған балаңызды дайындаңыз. Ойнау үшін досы қонаққа келетіндігін және ол өз ойыншықтарымен бөлісуге дайын болу керектігін айтыңыз. Бала ойнағанда бөліспейтіндей, тығып қоюға болатын ерекше қымбат деген ойыншықтарын таңдап алсын. Балаңызға ойыншықтарды алма кезек алмастыра отырып, жақсы дос болуға көмектесіңіз.

Ортақ ойын ойнағанда немен айналысу қажет


Барлық дайындық шаралары аяқталғанда Сіз ортақ ойын ойнауға дайынсыз! Алғашқы ортақ ойынды ойнағанда ойынға араласпай, балалармен бір бөлмеде болуыңыз қажет.

Сіздің мақсатыңыз – ойынды басқармау, бірақ қажет болғанда жанында болу. Егер жағдай ұшығып кеткен болса, батыл араласыңыз. Жай ғана түсіндіру тамаша нәтиже бере алады: «Ол әлі сенің жүк машинаңмен ойнаған жоқ қой. Саған таймерді тағы үш минутқа қойып берейік, бірақ одан кейін ол ойнасын».

Мінсіз ортақ ойындар болмайтындығын есіңізде сақтаңыз! Ойын құшақпен немесе көз жасымен аяқталғаны маңызды емес: балаңыз бәрібір де келешекте достасуға көмегін тигізетін бағалы әлеуметтік машықтар алып шығады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына