Үлкен бала кіші балаға қалай көмектеседі

Үлкен бала кіші балаға қалай көмектеседі

03.06.2014

Сәбилер әдетте өздерінің даму кезеңдерін хронологиялық тәртіпте, жеке ерекшелектерін ескере отырып, өтеді. Олар отырады, еңбектейді, аяқтарына тұрады және соңында жүре бастайды. Ақыры аяғында жүгіре және секіре бастайды. Бірақ кейбір сәбилер бұл дағдыларды ерте игеруі мүмкін.
Сәби ағасының немесе апасының ықпалын сезінбеуі мүмкін, бірақ тез даму ұмтылысы үлкен баламен бәсекелесуінен туындауы мүмкін.
Үлкенді қуып жету
Кішкентайлары үлкендердің деңгейіне жетуге асығады. Соған сәйкес кішкентайдың сәби болу кезеңі қысқа болады.
Мысалы, Сіз шоланнан барлық ескі сылдырлақ ойыншықтарды, тіске арналған резеңкені және балалар шезлонгісін алып, жуып қойдыңыз. Кішкентай балаңыз үлкен бала ойнаған сылдырлақпен ойнаудың орнына апасының ойыншығына жармасуы мүмкін. Сондай-ақ, Сіз кішкентай баланың креслода немесе шезлонгта жатқысы келмейтінін байқауыңыз мүмкін, оның орнына ол еденде аунап, үлкен балаға жақын болғысы келеді.
Бірінші балаға Сіз жасына және ойлау қабілетіне қарай ойыншық алып беріп, одан соң сылдырмақтан кубикке, кубиктен сұрыптағыштарға көшіріп, әр жаңа ойыншықпен баланың моторикасының дамуын мұқият зерттеген шығарсыз.
Ал екінші баламен жағдай мүлдем басқа болады!
Сәбидің үлкен апасымен ойнағысы келетіні оның ойыншықтарына қызығушылық білдіруге байланысты болады. Көп уақыт өтпей жатып апасы інісінің сылдырмақтарымен ойнамай, еденде қалдырып кеткен қуыршағына кіріскенін көреді. Ол бұл қуыршақ кішкентай балаларға арналмаған деуі мүмкін, бірақ бала сонда да қуыршақпен ойнай беретін болады.
Баланың қуыршақпен не істеп жатқандығы маңызды болмаса да, апасы үшін бұл кешірілмейтін жағдай. Ол ойыншықты алып қоймақшы болғанда нағыз шайқас басталады.
Үлкен апасы інісімен күресе жүріп, інісіне бұлшықеттерін қатайтуға және қимыл-қозғалыс рефлекстерін дамытуға қалай көмектескендігін білмей қалады.
Бет қимылы және даму
Алғашқы айларда сәбиіңіз апасының қимыл-қозғалыстарын қайталамақшы болғанын байқауыңыз мүмкін. Ол кітап сөресінен түсіп қалған кітапты алып қоймай, оны ашып, ұстау қабілетін дамытып, кітаптың беттерін парақтап, қағаз дегеннің не екенін зерттеп тастайды. Апасының кез-келген ісіне қатысу талпыныстары сәбиді әпкесінің әрекетін қайталауға алып келеді. Тіпті оның апасының ойындарына баса-көктеп араласуы, оның бәрібір дамуына себеп болады.
Балаларыңыздың арасындағы бәсекелестікте тұрған ештеңе жоқ. Бұл кішкентай баланың қозғалу рефлексіне жақсы әсер етіп жатқан дамытатын қатынас екенін біліңіз. Апасының ойыншығымен ойнау талабында сәби қолынан келгеннің барлығын жасайды. Ойыншықты сындыру үшін айналдырып, майыстырып, қағып алып, итеріп, тартып көреді.
Бірақ балаңыздың талабы апасына жамандық жасау немесе ойынын бұзу емес. Ол әлеуметтік ортада өз орнын сезініп, өзінің денесін бақылағысы келгені. Сондықтан, көзге көрініп тұрған қауіп болмаса, балалардың арасындағы дауға дереу кірісудің қажеті жоқ. Бұл қатынас сәбидің физикалық ақыл-ой қабілетінің дамуына себепші болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына