Бәсекелестік балалардың қарым-қатынасын қалайша нығайта алады

Бәсекелестік балалардың қарым-қатынасын қалайша нығайта алады

03.06.2014

Кіші бала өсіп, сөйлеуді үйреніп жатқанына қарай балалар бір-бірімен қалай қарым-қатынаста болатындығын бақылайтын боласыз. Балалар бірге сықылықтап күліп, ортақ іспен айналысып жатқандығын байқап отырған тамаша болғанымен, Сіз сондай-ақ, олардың қарым-қатынастары дамыған сайын бір-біріне қарсы тұратындығын да байқайсыз.

Бұл жағдайда Сіздің қаншалықты ұйымдасқан, төзімді не тапқыр болатыныңыз маңызды емес, Сіз ата-ана болып тұрып балалар аласындағы бәсекелестікті басуыңыз екіталай. Оған ұмтылудың қажеті де жоқ! Аға-апалылардың арасындағы бәсекелестік балаларыңыздың арасында қалыптасып келе жатқан күрделі, терең байланыстың табиғи, салауатты және қалыпты құрам бөлігі болып табылады.

Балалар арасындағы бәсекелестік эволюциясы


Жаңа туған балаңызды үйге кіргізген мезеттен-ақ Сіз тұңғышыңыздың назарын жас нәрестеге аудармақ болуыңыз-да мүмкін (бауырын не сіңлісін өзіңіздей лезде жақсы көріп қалады деген оймен). Сіз бауыры не қарындасы оған қарап, дауысын тыңдауды қаншалықты ұнататындығын айтқан боларсыз.

Бастапқыда Сіз баламен «ку-кулап» ойнап, үлкен балаңызды сәби көңілін көтеруге шақырған боларсыз. Тұңғышыңыздың қарындасын бағуда қанша күш-жігер жұмсағанын көрсету үшін бар күшіңізді салуыңыз да мүмкін.

Бірақ қазір, апасы мен інісі ойыншыққа таласып, бір-біріне айғалағанда, басынан бастап арасы тату болу үшін бар жігеріңізді жұмсаған Сіз не істеріңізді білмейсіз.

Қол қусыратын мезет емес: жұмсаған күшіңіз бекер емес.

Жылдар жарған байланыс


Зерттеулердің көрсетуінше, балаға жаңа туған бала, оның қылықтары, әсері мен қажеттіліктері туралы баяндап, баланың жас бауыры не қарындасына деген қызығушылыққа ерекше көңіл бөлген сайын Сіз о бастан-ақ бауырластық сезімдерді дамытуға барынша септігіңізді тигізетін боласыз.

Сіздің қолдауыңызбен балаңыз қарындасыңызды сезімге және қалауға толы жан деп таниды. Оған қоса оның күлкісін көріп, оны бақытты ете алатындығын көреді. Осыны түсіну оны біршама қанағаттандырып, өзінің аға болуына жаңаша қарауға көмектеседі.

Оған қоса, тұңғышыңыз үшін қарындасын күлдіре білу басты міндет еместігін білу өте маңызды! Оның өзі де барынша көңіл көтеріп, өзі сүйген адамдардың барынша көңілін аудартып, мүмкіндігінше айналасын бақылап отырғысы келеді.

Осының барлығына қол жеткізу қарындасының кесірінен мүмкін емес болып кетті!

Осындай жағдайда кіші балада да ұқсас сезімдер туындайды. Дегенмен, аздаған айырмашылық-та бар, себебі ол ағасының жанында болып, болмысының бір бөлігі болғысы келеді.

Осы қарапайым жайттарды ескерсек, бәсекелестіктің қалай туындайтындығын түсіну қиын емес. Екі баланың бойында түсінуге, билеп-басқаруға келмейтін сезімдер мен қалаулар пайда болады. Оған қоса, әр бала ата-анасының екінші балаға дегенисезімін аңдып отырады. 1 жастың өзінде-ақ бала Сіздің әр балаға деген қатынасыңызды салыстыра алады. Әр балаға бірдей қарау немесе бірдей сезім сезіну мүмкін болмаса да, ата-ананың баланы ерекше сүйетінін жеткізу маңызды.

Әр бала, жасына қарамастан, отбасы мүшелеріне өте сезімтал болатынын білу жайты ата-анасы үшін өте пайдалы болу мүмкін. Балалар өздерін қаншалықты сүйіп, бағалайтынын сынап қана қоймай, іс-әрекеттердің қайсысы дұрыстығын түсінеді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

Сабынды көбіктер

  • Орын:

    Үйде және көшеде

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен іс-шаралар

  • Сізге не қажет

    1/8 Ыдыс жууға арналған сұйықтық, су 4,5 литр, 1/2 қасық глицерин

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына