Сәбидің сәтті туған күнінің 5 құпиясы

Сәбидің сәтті туған күнінің 5 құпиясы

19.03.2014

Мерекелік дастархан жаюмен, үй жинаумен, үйді әдемілеп безендірумен және мейрамға қажетті басқа да шаруалармен жүгіріп жүріп, Сіз бір нәрсе туралы ұмытып кетуіңіз мүмкін – бұл жай ғана кеш емес, бұл Сіздің сәбиіңіздің туған күні.

1. Қонаққа тек ең жақын адамдарыңызды шақырыңыз
Балаңыздың алғашқы туған күндері тек өте жақын адамдар шеңберінде өткені жақсы. Мүмкін Сіз өз бөбегіңізді көрсетіп, әріптестер мен достарыңыздың алдында мақтанғыңыз келетін де шығар. Бірақ баланың сонша адамның назарын өзіне аударуға әлі дайын емес екенін ескеруіңіз керек. Ол тез шаршап, мазасы кетуі мүмкін. Ал өзіңізге де артық әуре-сарсаңның не керегі бар?

2. Бәрін жазып, түсіріп алыңыз
Міндетті түрде бәрін бейнежазбаға және фотосуретке түсіріп алыңыз. Көп жыл өткен соң осының бәрін рахаттанып көріп отыратындарыңыз туралы ойлаңыз. Өсіп кеткен балаға да өзін көру қызық болуы мүмкін. Шырақтар жағылған алғашқы торт, алғашқы тілектер мен сыйлықтар – бұл қайталанбас сәттер. Сосын, міндетті түрде, көңілді және тапқыр ойлары бар жазбалар жазылған альбом жасаңыз.

3. Рахаттаныңыз
Баланың туған күні – дұрыс болмай қалған бәлішті немесе күйіңкіреп қалған тамақты ойлап уайымдайтын күн емес. Өзіңізді еркін ұстап, рахатанып жүріңіз. Бірдеңесі дұрыс болмай қалса да, онда тұрған не бар? Ол сондайлық маңызды ма? Бәрі де Сіздің бөбегіңізді көріп, оған әлемдегі бар жақсылық пен ғажапты тілеу үшін келді ғой.

4. Туған күн иесі туралы ұмытпаңыздар
Не себеппен жиналғандарыңызды бір сәтке де ұмытпаңыз. Егер сәби кәдімгідей үлкен болып, бұл оның мейрамы екенін түсінетін болса, оған көп көңіл бөліп, мейірім мен махаббатқа бөлеп қойыңыз. Ол өзін ерекше сезінсін. Егер мейрамға басқа балаларды да шақырған болсаңыз, олардың зерігіп қалмауын қадағалаңыз. Неше түрлі ойындар мен сайыстар ойлап табыңыз.

5. Дастархан дәмін ойластырыңыз
Балалар мейрамының өз ерекшеліктері барын ескеріңіз. Мысалы, егер басқа балаларды шақырған болсаңыз, олардың қандай да болмасын азық-түлікке аллергиясы бар-жоғын міндетті түрде анықтап алыңыз. Сіз бәрінің көңілінен шығатын барынша жеңіл әрі пайдалы тағамдарды ойлап табуыңыз керек.

Жақсылап көңіл көтеріңіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

Сабынды көбіктер

  • Орын:

    Үйде және көшеде

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен іс-шаралар

  • Сізге не қажет

    1/8 Ыдыс жууға арналған сұйықтық, су 4,5 литр, 1/2 қасық глицерин