Сәбиіңіздің туған күнін тойлауға арналған 5 ерекше  жер

Сәбиіңіздің туған күнін тойлауға арналған 5 ерекше жер

19.03.2014

Егер сәбиіңіз серуенге үйренген және оны жақсы көретін болса, осы жылы оның туған күнін бір айрықша жерде неге атап өтпеске?

Мейрамды үйден тыс жерде немесе отбасылық ойын-сауық орталығында өткізбес бұрын, Сіздің бөбегіңіз қоғамдық жерлерде өзін жайлы сезінетініне міндетті түрде көз жеткізіңіз. Ол жерде әр түрлі қатты шу мен бейтаныс адамдар болуы мүмкін. Туған күн иесі мейрам басталмай тұрып шаршап қалғанын қаламайтын шығарсыз!

1. Саябақ
Саябақ – баланы қоршаған ортамен таныстырудың тамаша тәсілі. Бірнеше досыңызбен бірге күнге қыздырынып отырса болады (әрине, ауа-райы мүмкіндік беретін болса), сонда бөбегіңіз қоршаған адамдармен қарым-қатынастың тамаша тәжірибесін алатын болады. Тек балмұздақ торты тоңазытқыш сөмкеге немесе термасөмкеге жақсылап салынғанына және еріп кетпейтініне көз жеткізіңіз!

Сонымен бірге, егер Сіздің отбасыңыздың бүкіл мүшелері келіп туған күн иесімен көрісіп, араласқысы келетін болса, саябақта көп адамға орын жетеді.

2. Бассейн
Балаңыз жүзе ала ма, жоқ па, оған қарамастан, бассейн – ыстық күнде жақсы көңіл көтеруге болатын тамаша орын. Ата-аналар көлеңкеде жайғасып, ал үлкенірек балалар кішкене жүзе тұрса болады.

3. Зоопарк
Егер балаңыз жануарларды жақсы көретін болса, зоопаркке баруға болады – ол жерде туған күн тойлау үшін арнайы қызметтер жиыны ұсынылады. Сондай қызметтер жиынына тамақтану, торт, зоопарктің кейбір тұрғындарымен танысу, сондай-ақ балаларға жалығуға мүмкіндік бермейтін ойын-сауық кіруі мүмкін.

Алдын-ала сұрау салып (және, мүмкіндігіңізше, қызметке ертерек тапсырыс беріп қойыңыз), өйткені балалардың туған күнін зоопаркте өткізу өте кең таралған!

4. Қыш студиясы
Жақын маңда ересек адамдарды қыш шеберлігіне (мысалы, гүлсалғыштар, шыныаяқ пен табақтар жасауға) үйрететін студиялар бар-жоғын біліп алыңыз да, сол жерде туған күнді тойлау мүмкіндігі бар ма, соны біліп алыңыз. Сіздің сәбиіңізді қыш жасау дөңгелегіне жақындатпаса да, отырған жеріңіз балалар үшін де, үлкендер үшін де сондай ерекше әрі қызықты болады. Жасы үлкенірек немесе жасы кішірек қонақтарға арнайы дайындалған жерлерде өткізілетін мейрамдарда кейбір қонақтардың «Жалығып кеткенім-ай!» деген сөздерін тап Сіздің естуіңіз екі талай болады.

5. Үйді безендіру
Иә, иә, бұл әрине, өте бір «айрықша» орын емес, бірақ қонақтарыңызға мереке үйден тыс жерде өткендей қызық болып көрінсін десеңіз, үйіңізді әсемдеп безендірудің көптеген тәсілі бар. Егер мейрам тақырыбына сәйкес келетін болса, онда артқы ауладағы барбекю немесе тіпті болмаса «ашық есік күні» Сіздің қонақтарыңызға өздерін жайлы сезініп, мейрамнан қуаныш алып жүрулеріне мүмкіндік береді.

Есіңізде болсын: Қонақтарыңыздың өздерін жайлы сезінуі мен олардың көңіл көтеріп жүруінің маңыздылығы Сіздің балаңыздан кем емес, өйткені ол, тортқа немесе басқа да тәтті тағамдарға тоятын болады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.