Кез-келген жастағы баланың туған күніне сыйлықтар таңдау бойынша кеңестер

Кез-келген жастағы баланың туған күніне сыйлықтар таңдау бойынша кеңестер

19.03.2014

Туған күн иесінің жасына қарамастан, балаларға да, олардың ата-анасына да ұнайтын сыйлықтар бар.

Сіздің балаңыз не болып жатқанын толық түсіну үшін әлі өте кішкентай болса да, Сіздің қонақтарыңыз (және Сіздің өзіңіз) бұл күн бөбегіңіз үшін ерекше екенін білесіз, сондықтан оны тойлауға келесідей қатысуыңызға болады.

Нәрестелер мен туғанынан бастап 12 айға дейінгі сәбилер
Бұл жаста баланың ата-анасына балаларға арналған барлық қажетті киімдер сыйлық бола алады. Ол бөтелкелер, бала шомылдыруға арналған ақжаймалар немесе киім болуы мүмкін, және де балада оған қажеттінің бәрі болғаны маңызды.

1 жастан 2 жасқа дейін
Балаларға бұл жаста бұрынғысынша қажетті заттарды сыйлай берсе болады — бірақ олардың таңдауы әлдеқайда кеңейе түсті!

Жөргектерден жасалған торттан басқа, ойыншықтар да сыйлауға болады (тістері шығып келе жатқан сәбилерге) немесе ертегілер кітабын және тосын сыйлық бола алатын кез келген басқа заттарды да сыйлауға болады. Егер Сіз сыйлық алушыны таң қалдырғыңыз келсе, туған күнге дейін бірнеше күн бұрын туған күн иесінің қызығушылықтары туралы сұрастырып алып, лайықты сыйлық таңдап алсаңыз болады. Балалар өте тез өседі, сондықтан да балаға сыйлық таңдаған кезде, оны көрмегелі көп уақыт өткен болса, өзіңіздің соңғы естелігіңізге сүйенбеңіз.

Тәй-тәй басқан балалар
Киім мен ойыншықтар таңдаңыз. Жүре бастаған балалар (балшықта, жерде, шалшықта, сазда, жақсылап тұрып былғанып алуға болатын кез келген жерде) ойынға көп уақыт бөледі, сондықтан жаңа костюм әрқашан да өте орынды болмақ.

Ойыншыққа келетін болсақ, той иесі қандай ойындарды ұнататынын ата-анасынан сұрап алыңыз да, сыйлық алғанда соған сүйеніңіз.

Сонымен қатар, жүре бастаған балалар ойлау қабілеттері дамитын кезеңде болатынын есте сақтаңыз. Әр түрлі пішіндегі сұрыптағыш ойындар, сондай-ақ олардың күнделікті өмірде үйде көретін заттарды (мысалы, көгалшапқыштың жұмысы, телефонды пайдалану және т.б.) бейнелейтін ойыншықтар тамаша сыйлық болады. Және де күні бойы итергіш ойыншықпен ойнап жүрген бала ата-анасына кедергі жасауы мүмкін екендігін немесе үй жануарларының мазасын алуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн, сондықтан үй иелерінен ойыншықтардың қайсысын артық көретінін сұрап алған абзал.

Мектепке дейінгі балалар
Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялы олардың ең жақсы серігі болып табылады. Құрастырғыш немесе ойын жинағын сыйлауға болады. Сонымен бірге туған күн иесіне оның дамуына көмектесетін заттарды да сыйлық ретінде таңдауға болады. Темір жолдың ойыншық үлгілері мен мүсіндеу үшін арналған қыш сазының жинағы балаларға кейбір өзара байланыстылықты түсінуге көмектесетін және ептілігін дамытатын керемет сыйлыққа айналады.

Әдеттегідей, кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар үшін тамаша сыйлық болып табылады. Қиялы асып-тасыған мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесе алатын кез келген сыйлықты зор қуанышпен қарсы алады. Тек бояуларды немесе сурет салуға арналған жинақтарды сатып алған кезде, Сіз олардың баланың жасына сәйкес келетініне және суда еритініне көз жеткізіңіз – Сіздің сыйлығыңыз бір нәрсені бүлдіріп қойғанын қаламайтын шығарсыз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.