Баланы горшокқа үйретудің 6 кеңесі

Баланы горшокқа үйретудің 6 кеңесі

Aviva Patz

03.06.2014

Жөргектерден горшокқа ауысу – баланың ғана емес, ата-анасының да өміріндегі маңызды кезең! Бірақ, өкінішке орай, сиқырлы таяқшаны бір сермеп орындалатын нәрсе емес! Көбінесе ата-аналарға сабырлы болу, ал кейде айлакерлік және ептілік көрсету қажет.

1. Әдемі горшок


Заманауи балалар дүкендерінде кез келген талғамға қарай балалар горшоктары сатылады. Ол әдемі және ашық түсті, суреттері бар, сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлері немесе әуені бар болғаны жақсы. Ең маңыздысы – баланың көңілінен шықса болғаны.

2. Горшокта отырып, ойнау


Горшокқа отыруды ойынға айналдырып көріңіз. Мүмкін, ұлы сиқыршы баланы дәретханаға жіберген шығар, және бала өз істерін бітірмейінше, оның сүйікті ойыншығын қамаудан жібермейді.
Одан басқа, отыру барысында кітап оқып беруге, көңілді де, ыңғайлы отыру үшін жанына оның сүйікті ойыншықтарын жайып қоюға болады.

3. «Горшок» кестесі


Кішкентай балалар дәретке отырғысы келетіндігі жөнінде жиі ұмытып кетіп, тым кеш болмайынша жүре береді. Қызықты ойын оларды қатты еліктіріп жіберуі мүмкін. Сіз жанына барып, дәретке отыру жөнінде есіне салып тұруыңызға болады. Немесе осыған арнап, таймері бар арнайы балалар оятқышын сатып алыңыз.
Сонымен қатар, әрбір тамақтанғаннан кейін және ұйықтар алдында горшокқа отыру әдетін дағдылау қажет.

4. Дәрет сындыру да қызық бола алады


Горшоктың түбіне көк түсті тағамдық бояғышты салып, балаңыздан горшокқа отырып, дәрет сындыруын сұраңыз. Бала түсі жасылға айналғандығына таң қалады! Оған қоса, ұл баладан горшок түбіне салынған түрлі түсті қағаз қиықтарына дәлдеуді сұрасаңыз болады.

5. Әдемі ішкі киім


Балаңызға оның сүйікті кейіпкерлері, хайуанаттары және басқа да қызықты суреттері бар көптеген әдемі ашық түсті іш киімді сатып алыңыз. Балаңызда жөргектерді киюді тезірек тоқтату ойы пайда болсын. Ересек ұлдар мен қыздар мезі болған жөргектерді емес, осындай әдемі іш киімді киетіндігін айтыңыз!

6. Бала дайын екендігін қалай түсінуге болады


Балаңыз жөргекті киіп жүргенде, дәретханаға қашан баратындығын өзі шешсін. Ал Сіз оның жүріс-тұрысын қадағалаңыз. Мүмкін, дәретханаға қызығушылығын таныта бастағанын, дәрет сындырғысы келетіндігі жөнінде айтатынын немесе жөргекті ауыстыру қажет екендігін өзі айтатындығын байқайсыз.

Жүріс-тұрыстың қандай да ережесін таңдамасаңыз да, әрдайым жақсы көңіл-күй мен оң ниетті сақтаңыз! Иә, шамалы қиындықтар әлі де болады, бірақ ол өсудің бір ғана бөлігі емес пе? Оның есесіне, бала дәретханаға өздігінен бара бастағанын қалай мақтан етеді. Міндетті түрде оның қуанышымен бөлісіңіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

5 сезім: Сиқырлы сөмке!

  • Орын:

    Қозғалыста

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен Белсенділік

  • Сізге не қажет

    Киім салынған сөмке, нәзік қазына