Тосуға үйретеміз: баланың дайын болу белгілері

Тосуға үйретеміз: баланың дайын болу белгілері

19.03.2014

Шаршаған ата-аналар үшін жақсы жаңалықтан бастайық: ерте ме, кеш пе, кез келген дені сау бала тосуға дағдыланады. Бала әбден дағдыланған кезде бұл маңызды болмайды. Сәбидің тосуға қабілеттігі – бұл Сіздің ата-аналық дарыныңыздың көрсеткіші де және балаға деген Сіздің махаббатыңыздың бейнесі де емес.

Егер Сіз бала физиологиялық және эмоциялық тұрғыдан дайын болғаннан ертерек оны тосуға үйрете бастасаңыз, онда Сіздің де, сәбидің де көңілі қалып және жабырқауды бастан кешесіз. Бұл процесс ұзаққа созылады және шайқасқа айналады – ал ата-ана болса, бұл шайқасты жеңе алмайды. Сондықтан, өз балаңызды тосуға дайындалудан бұрын, оның осыған дайындық белгілеріне назар аудару керек.

Сәбилердің көпшілігі 1,5 жастан 2,5 жасқа дейін өз бетімен дәретке баруға дағдыланады. Сонымен қатар кейбір балалар 4 жасында да осы дағдыны толықтай меңгере алмайды. Дегенмен, егер Сіз балаңыздың жүріс-тұрысын бақыласаңыз, онда уақыт келгендігін анықтай аласыз.

Мына сауалдарға жауап беріп көріңіз:
• Сіздің балаңыз үлкен және кіші дәретке шамамен бір уақытта отыра ма? Ол дәретханаға барғысы келетіндігін Сізге сөзбен немесе белгілермен түсіндіре ме?
• Ол шалбарын түсіріп, көтере ала ма?
• Ол дәретханаға және ондағы адамдардың не істеп жатқандығына қызығушылық таныта ма?
• Ол горшокқа өз бетімен барып, оған отыра ала ма?
• Сәби Сізге «жоқ» деп айта бастады ма?
Ол ойыншықтарының белгілі бір жерде жатқандығын ұната ма? (бұл оның жағдайды бақылау ынтасы туралы айтады).
• Ол «су» және «құрғақтың» не екендігін біле ме?
• Бала мақтағанды сезе ме және оған Сізді қуантқан ұнай ма?

Егер көптеген сауалдарға оңды жауап берсеңіз, онда Сіздің сәбиіңіз өз бетімен дәретке баруға дағдылануға дайын. Дегенмен естеріңізде болсын – бала науқастанғанда, сонымен қатар күйзелген жағдайларда – мысалы, егер Сіздің отбасыңыз демалысқа жиналса, баланы үйретудің қажеті жоқ. Егер бала Сіздің тырысқаныңызға қарамастан тосуды елемесе, онда үзіліс жасап, бұл мәселеге бірнеше аптадан немесе айлардан кейін оралу керек.
Сәби үйренеді – жай ғана оған уақыт берсеңіз болды.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Active Baby-Dry жөргектері

Көңілді оянуы үшін барлық түн бойынша арналған аса құрғақтық.

Бейнемен ойнау: Маған қара!

  • Орын:

    Үйде және далада

  • Дамытамыз:

    Ойнау мен белсенділік

  • Сізге не қажет

    Кішкентай, сынбайтын пластик зат, сынбайтын айна немесе CD диск

Қуыршақтарды шомылдыру

  • Орын:

    Үйде

  • Дамытамыз:

    Қиялдар

  • Сізге не қажет

    Резеңке немесе пластмасса қуыршақтар, нәресте банное сүлгісін, ванна кілемше