Тосуға үйретеміз: жабдықтау және бақылау тізімі

Тосуға үйретеміз: жабдықтау және бақылау тізімі

19.03.2014

Сіздің балаңыз дәретханаға немесе жасы үлкен балаларға арналған киімге көңіл аудара ма? Ол кіші немесе үлкен дәретке қашан барғысы келетіндігін айта ма? Оның жөргегі екі және одан көп сағат бойы құрғақ бола ма? Егер солай болса, тосуға үйретудің уақыты келді!

Дәретханаға үйрететін жағдайда балаңыздың осы қадамға физикалық және психологиялық дайын болуын күту керек. Егер сәбиіңіз жетілсе, онда Сізге қажеттісі – керек-жарақты дайындау және барынша шыдамдылық таныту. Біздің айтқандарымызды оқыңыз, сонда баланы тосуға үйрету көңілді әрі ойдағыдай өтеді!

Горшок сатып алу

Баланы өзіңізбен бірге дүкенге алып барыңыз және өзіне горшок таңдап алуға мүмкіндік беріңіз – олар ашық-көктен сорғыш кәмпиттей-қызғылт түске дейін алуан түрлі болады! Сәбидің сатып алуға қатысуы оған процесті бақылау сезімін сыйлайды.

Меңгеру

Сіз дүкеннен үйге келген кезде Сіздің балаңыз жапсырмалардың немесе маркерлердің көмегімен жаңа горшокты безендірсін. Егер Сіздің балаңыз оған өзінің азғантай шығармашылығын салса, оған үйрену оңай болуы мүмкін.

Талқылау

Сіз сәбимен бірге дәретханаға барған кезде оған горшоктың ересектер сияқты үлкен және кіші дәретке отыруына көмектесетіндігін түсіндіріңіз.

Егер горшокқа бару табыспен аяқталса, баланы: «Мен сен үшін қуаныштымын! Сен енді үлкен болдың!» деген сөздермен мақтаңыз. Бұл сәбиді болашақта жетістігін нығайтуға талпындырады.

Қолайлы орын жасау

Горшокты үйге алып келген соң оны көзге көрінетін жерге асханаға, балалар бөлмесіне немесе отбасы көп уақыт өткізетін басқа орынға қойыңыз – ол Сіздің сәбиіңіз үшін әрқашан да қол жетімді болсын.

Балаңыздың горшокқа отыруға деген қалауын күйшету үшін горшоктың айналасына балаңыздың сүйікті жұмсақ ойыншықтарын және кітаптарын қойыңыз.

Тәжірибемен бөлісу

Горшокты қойып, сәбиіңізге жөргегін шешіп оған отыруды ұсыныңыз. Егер ол Сіздің өтінішіңізді орындаса, оны мақтап қойыңыз!

Оған өзінің жұмсақ ойыншық достарына горшокты пайдалануды үйретуді сұрап, оң әсерді күшейтуге болады. Сіздің сәбиіңіз енді маман!


Ванна бөлмесіне көшу

Сіздің сәбиіңіз горшокты тұрақты пайдалануға үйренген соң, оны ванна бөлмесіне ауыстырыңыз. Горшокқа үйрету біршама уақытты алуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай. Әрбір баланың өзінің жеке даму жолы бар және балалар горшокқа әртүрлі қарқынмен үйренетіндігі естеріңізде болсын. Шыдамдылық, мақтау және Сіздің қолдауыңыз сәбиге осы күрделі тапсырманы жеңілдетеді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Балалар бақшада

  • Орын:

    Көшеде

  • Дамытамыз:

    Табиғат

  • Сізге не қажет

    Бақша, үйлер, гүлдер, егістік

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.

Сабынды көбіктер

  • Орын:

    Үйде және көшеде

  • Дамытамыз:

    Ойындар мен іс-шаралар

  • Сізге не қажет

    1/8 Ыдыс жууға арналған сұйықтық, су 4,5 литр, 1/2 қасық глицерин

Қуыршақтарды шомылдыру

  • Орын:

    Үйде

  • Дамытамыз:

    Қиялдар

  • Сізге не қажет

    Резеңке немесе пластмасса қуыршақтар, нәресте банное сүлгісін, ванна кілемше