Ғылыми түйсік – Pampers  ылғалды сулықтарының құпиясы

Ғылыми түйсік – Pampers ылғалды сулықтарының құпиясы

19.03.2014

Pampers біздің өнімдерімізді жақсарту үшін зерттеулер мен инновацияларға көп уақыт пен күш жұмсайды, тіпті ең кірпияз аналардың өздері біздің Pampers Baby Wipes балаларға арналған ылғалды сулықтарға сенеді.

Әрі қарай ылғалды сулықтардың тазартқыш қабілетіне ғылыми деректер келтіріп, Pampers Baby Wipes ылғалды сулықтары құрамына кіретін құрауыштарға шолу жасайық.

Ылғалды сулықтармен теріні тазартудың ғылыми негіздері
Неліктен аналар ластанған көтеннен бастап қолға дейін барлық жерде ылғалды сулықтарды пайдаланады? Себебі, кірді тез, оңай және мұқият тазартады. Ылғалды сулықтардың теріні қалай тазартатындығына әсер ететін үш басты фактор:

1. Физикалық жанасу мен сүрту терідегі қатты кірді кетіреді.
2. Терідегі жабысқақ лас затты ерітеді.
3. Ылғал ластануды сіңіреді.


Балаларға арналған ылғалды сулықтар анатомиясы
Pampers Baby Wipes ылғалды сулықтары мата емес төсемнің және су негізіндегі лосьоның бірегей үйлесімі арқасында жұмсақ, нәзік тазартады. Көптеген жылдарғы зерттеулер нәрестелерге арналған Pampers өнімдерінің клиникалық мақұлданғанын көрсетті. Ол терінің саулығын сақтауға және оны мұқият тазартуға көмектеседі.

Ылғалды сулықтардың құрауыштары сәбидің нәзік терісін қалайша мұқият және жұмсақ тазартатынын көрейік.


Жұмсақ тоқыма емес мата
Pampers Baby Wipe ылғал сулықтарының негізі — жұмсақтығы мен майысқақтығы үшін таңдалған талшықты материал. Модификацияланған целлюлозадан және полипропиленнен жасалған әр талшығы "матаны сезінуге" өз үлесін қосады. Модификацияланған целлюлоза барынша тазартуға және сіңіруге үлес қосады, ал пропилен матаға жұмсақтық және созылғыштық береді.

Бұл талшықтар нәтижесінде жұмсақ, серпінді, теріге аса жағымды жастық тәріздес маталарды шығаратын және химиялық байланысты пайдаланбайтын "гидроөрілу" деп аталатын үрдіс арқылы тоқылады. Ылғал сулықтардың созылғыштығы аналарға нәрестесінің терісіндегі әр қатпарлар мен бүгілістерді мұқият тазартуға көмектеседі. Бұдан басқа, талшықтар теріден кірді тазартатын жұмсақ қылшақ рөлін атқарады.

Гидроөрілу сұйық ластануды губка секілді сіңіретін талшықтар арасында кеңістік тудырады. Сондықтан баланың терісін сүрткен кезде сәл басып қалатын болсаңыз, Pampers Baby Wipe әр сулығы қалған кірді оңай кетіріп, табиғи тазалық сезімін береді.

b>Жұмсақ тазартқыш лосьон

Су негізіндегі жұмсақ тазартқыш лосьон кірді кетіруге және бала терісін бір уақытта қалпына келтіріп, күтім беруге арналған. Сынақтар барлық ингредиенттердің сезімтал теріге жақсы келетінін және күнделікті теріні күтуге арналған басқа өнімдерде жиі кездесетіндігін көрсетті. Төменде лосьонның негізгі ингредиенттері көрсетілген.


Су
Әр ылғалды сулық су эмульсиясы негізіндегі лосьонмен суланған. Лосьон 98 %-ға дейін судан тұрады, ондай құрам баланың терісіндегі ластануды жұмсартуға және ерітуге себеп болады. Сондай-ақ, лосьон кез-келген кірдің қалдығын және бала терісіндегі зәрдің кеуіп қалған қалдықтарын еріте алады.

Эмульгаторлар
Лосьонның құрамында бала терісінен майлы ластануды кетіруге көмектесетін жұмсақ қалпына келтіргіш құралдар да бар. Майлы кір суда ерімейді, ал эмульгаторлар осындай ластануды кетіру үшін қажетті құрауыштарды тартады.

Теріні қалпына келтіргіш құралдар
Теріні қалпына келтіргіш құралдар терінің бірқалыпты сыртқы түрін және сезімталдығын қалпына келтіруге көмектеседі.

pH-бейтараптандырғыштар
Лосьон терінің табиғи Рн деңгейін ұстап тұруға көмектесетін, лимон қышқылы негізінде жасалған Рн бейтараптандырудың төменгі жүйесін қолдайтын бейтараптандырғыш жүйеден тұрады.

Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, базданудың пайда болуының басты себептерінің бірі – ылғал жөргекті кию нәтижесінде пайда болатын рН тепе-теңдігінің бұзылуы. Лас жөргектерде көп жағдайда теріні тітіркендіретін ас қорыту ферменттері болады. Бұндай ферменттер рН деңгейі 6.0.-ден артық кезде белсенді болады. Pampers Baby Wipes сулықтарында осы әсерді болдырмау үшін терінің рН деңгейін қалыптыға дейін (4.5-6.0) келтіретін байтараптандырғыш қасиеті бар арнайы әзірленген лосьон пайдаланылады.


Консерванттар
Әрбір ылғалды сулықтың құрамында пайдаланғанға дейін сулықтың жаңа күйін сақтайтын, сондай-ақ қаптама ашылған кезде сулықтардың сырттан ластануын болдырмайтын консерванттардың болмашы мөлшері бар.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.