Pampers Sensitive балаларға арналған ылғалды сулықтары неліктен тиімді

Pampers Sensitive балаларға арналған ылғалды сулықтары неліктен тиімді

19.03.2014

Сәбилерге арналған тауарлар нарығындағы 50 жылдық тәжірибесінң арқасында Pampers жөргектерді ауыстыру кезінде нәрестелердің қажеттілігін қанағаттандыру аналардың ұнататын нәрселерінен басталады және аяқталады деп санайды.

Міне, сондықтан Pampers жөргектерді ауыстыру кезіндегі аналардың әдеттері мен тәжірибелерінен қалып қалмас үшін тұрақты зерттеулер өткізіп тұрады. Біздің зерттеу аналар үшін жөргекті ауыстыру кезінде ең бастысы – сәбидің тазалығы мен оны сезімтал терісіне күтім көрсету болып табылатындығын көрсетті.


Ылғалды сулықтың теріні тазартуға ықпал ететін үш негізгі факторы бөлініп көрсетіледі. Бірігіп олар ылғалды сулықтың баланың нәзік терісіне тиімді әсер етуіне кепілдік береді.

Анағұрлым тығыз, анағұрлым жұмсақ ылғалды сулықтар

Pampers New Sensitive Wipes сезімтал теріге арналған жаңа сулықтар өнімнің алдындағы нұсқаларына қарағанда одан да жұмсақ тазартуды ұсынады, бұндайда жұмсақтық сақталып, жайсыздық әсері болмайды. Осы мақсатқа жету үшін Pampers сәбидің терісін сапалы тазартып, бала терісінен нәжісті жұмсақ сүртіп алу үшін аса таза және тығыз трилобалды дөңгелек тілікті талшықтармен біріктірді.

Нәтижесінде жаңа өнім – аз сұрткеннің өзінде ластануды тез және тиімді кетіретін, "қармап алатын" текстураны құрайтын ірі және ұсақ талшықты және шағын ойықтары бар ылғалды сулықтар пайда болды.

Жөргектерді күнделікті және жиі ауыстырғандықтан аналардың қолдары да қорғанышты қажет етеді. Аналар созылғыштық пен тығыздық қатарласа келетін сулықтарға сенеді.

Созылғыш сулықтар аналарға бала терісінің қатпарлары мен бүгілістерін құнттап тазартуға жол беріп қана қоймай, жақсы сіңіруді және бақылауды қамтамасыз етуге көмектеседі. Тығыздығы көбірек сулықтар аналарға жөргектерді ауыстыру кезінде өз қолдарын қорғау деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Pampers New Sensitive Wipes сулықтары ең тығыз ылғалды сулықтар, сондықтан олар аналардың қолына сенімді қорғанышты қамтамасыз етеді.


Дұрыс текстура

Талшықтардың жақсартылған дизайны төсемнің беткі жағындағы ауданды төсемнің әр граммына шаққанда 40 %-ға үлкейтеді (Pampers Sensitive ылғалды сулықтарының қолданыстағы технологиясымен салыстырғанда). Бұл ата-аналарға аздап сүрткеннің өзінде сәбилердің нәзік терісін мұқият және жұмсақ тазартуға мүмкіндік береді.

Жақсартылған сіңіргіштік

Pampers New Sensitive Wipes сулықтарындағы осы жақсартулардың бәрі бұрыннан да жұмсағырақ тазартуды қамтамасыз ету үшін жасалған. Қазір ата-аналар аздап сүрткеннің өзінде Pampers New Sensitive Wipes сулықтарының мұқият тазартатынына және жұмсақтығы сақталып, баланың терісіне құнттап күтім көрсететініне сенімді бола алады. Жақсартылған дизайнының арқасында әр сүрткен сайын ластануды да жақсы алып жатады.



Тазартудың екі фазалық үрдісі
Soft Grip Texture™ тестурасы бар Pampers Sensitive Wipe жаңа сулықтарын пайдаланатын ата-аналар макро және микротазарту деп аталатын екі фазалық үрдіске қатысады. Бірінші сүрткен кезде сәбидің терісі макро тазартудан өтеді. Бұл кезеңде мата теріден кірді механикалық түрде жоятын жүздеген майда қылшақтар ретінде әрекет етеді. Оның үстіне әр сулық су негізіндегі жұмсақ тазартқыш лосьонды қолданып отырып жасалған, ол анасы сәбидің терісін сүрткен кезде сулықты сәл қысқан кезде шығады. Лосьонның бірегей қасиеттерінің арқасында тері көптеген кірден тазарады. Әр кезеңде сулық баланың терісіндегі кірді өзіне сіңіреді.





Жұмсақтық
Қазіргі сулықтар жақсырақ тазартатынына қарамастан, олар әлі де болса жұмсақтық пен созылғыштығын сақтайды. Теріге жұмсақ әсер етудің бір көрсеткіші – беткі жақтың кедір-бұдырлығын өлшейтін үйкеліс коэффициенті.

Pampers New Sensitive Wipes сулықтарында үйкеліс коэффициенті төменгі деңгейде сақталады. Нарыққа шығарылған басқа ылғалды сулықтармен салыстырғанда Pampers New Sensitive Wipes сезімтал теріге арналған сулықтары басқа жетекші бәсекелестердің сулықтарымен салыстырғанда үйкелістің төменірек коэффициентіне ие.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Шалбарлар

Жаңа Pampers Pants түрсилері

Жаңа Pampers Pants түрсилері. Ер балаға да қыз балаға да арналған.