Сізге Pampers ылғалды сулықтарын сынауға қатысу не үшін тиімді

Сізге Pampers ылғалды сулықтарын сынауға қатысу не үшін тиімді

19.03.2014

Сезімталдыққа және терімен үйлесімдікке жасалған сынақтардың нәтижелерін растау үшін сүртінуге арналған лосьонды қолданғанда терінің тиісті реакциясына кепілдік беру үшін аппликациялық сынама ересек адамдарға жасалуы мүмкін.

Бастапқыда, сынақтан өткен тұлғалар өз терілерінің жуғыш құралдарды, парфюмерияны, жеке гигиенаға арналған құралдарды, антиперспиранттарды немесе дезодоранттарды, теріге арналған кремдерді және лосьондарды қоса алғанда, әр түрлі өнімдерге сезімталдығын бағалады.

Аппликациялық сынама құрауыш(тар) әдеттегі ересек адамда жоғары сезімталдықты тудырмайтындығын растайды. Осындай сынақтар материалдың хош иісін мақұлдау үшін Хош иісті заттардың ғылыми-зерттеу институтымен және тұтынушылық тауарлардың басқа өндірушілермен он жыл бойы қолданылып келеді.

Терінің болашақта тітіркенбейтінін растау үшін Pampers Балалар сулықтары тазартылған суға немесе физиологиялық ерітіндіге деген реакциямен салыстыра отырып, «Жинақталған тітіркенуге сынамалар» көмегімен 21 күндік сынақтан өткізілуі мүмкін. Барлық аппликациялық сынамаларды өткізу барысында Pampers Балалар сулықтарынан тітіркенудің бағасы минималды жалпы тітіркенумен өтетін тазартылған судан тітіркенуге ұқсас баға алады.

Бұл сулықтардың жұмсақтығы мен оларды қолданғанда тері тітіркенуінің жоқтығы стандартты клиникалық хаттамамен 2012 жылы бағаланған болатын. Осы зерттеу барысында 35 ересек адамның қолының жоғарғы жағында тазартылған суды, оң бақылауды (0,2 пайызды натрий лаурилсульфатын) немесе Pampers сезімтал теріге арналған сулық препарттарын қолдана отырып, аппликациялық сынама жүргізілді. 21 күн ішінде пациенттерге әрбір 24 сағат бойы ауыстырылып тұратын препарат жағылған жабыстырғышты шаптап отырды. Соңғы жабыстырғышты алғаннан кейін сынама жүргізілген тері учаскесінің тітіркену реакциясы бес балдық шәкіл бойынша сарапшы-бағалаушымен бағаланды: 0 (тітіркену жоқ), 1 (терінің жеңіл түрде қызаруы), 2 (терінің бірқалыпты қызаруы), 3 (терінің қаттты қызаруы), 4 (күлдіреулер пайда болатын қатты тері реакциясы).

Сарапшы-бағалаушы көзбен қарап шығып берген бағасы негізінде тазартылған су терінің айтарлықтай тітіркенуін тудырған натрий лаурилсульфатына (оң бақылау) қарағанда ешқандай тітіркенуді тудырмайды. Жаңа препаратты қолданып жасалған сынақтан кейін алынған тері тітіркенуінің деңгейі тазартылған судағыға қарағанда төмен болды. Зерттеу қатысушыларының кез келгенінде дермотологтармен расталған байқалатын тері ауруларының жоқ болғандағы осы зерттеу нәтижелері Pampers сезімтал теріге арналған сулықтары жинақтағыш тітіркенуге 21 күндік аппликациялық сынақ жүргізгенде терінің тітіркенуіне алып келмегенін көрсетті.

Жоғарыда сипатталған сынақтың расталған хаттамалары әдеттегідей ересек адамдарға сынақ жүргізу деректеріне негізделгенімен, бала терісіне де қосымша клиникалық зерттеулер жүргізуге болады. Соңғы он жылдың ішінде Pampers Балалар сулықтарының қауіпсіздігін, оған деген төзімділігін, тиімділігін және жұмсақтығын растайтын зерттеулер мен талдаулар жарияланған.

Атап айтқанда, кең ауқымды зерттеулер сулықтардың сезімтал бала терісінің тітіркенуіне себебі болмайтынына көз жеткізу үшін сулықтардың қауіпсіздігі мен оған төзімділік деңгейін бағалауға арналған. Pampers сулықтарының қауіпсіздігі мен төзімділігі терінің эпидермиялық қорғаныш қызметі бұзылған немесе атопиялық дерматиті бар жаңа туған балалар арасында да мақұлданған. Атопиялық дерматиті бар 60 баланы төрт апталық клиникалық зерттеу ішінде қолдануға жарамдылығы және жөргек маңын күнделікті тазалауға арналған Pampers Балалар сулықтарының жақсы төзімділігі тіпті сезімтал терісі бар жаңа туған балалар ортасында да мақұлданған.

Одан басқа, зерттеу барысында қалыпты «күнделікті» қолдану кезінде бала терісінің қызару, ісіну, құрғап кету, кедір-бұдырлану немесе бала терісінің қабыршықтану деңгейі бағаланып отырды. Дерматологтардың басқа зерттеулері көрсеткендей, тіпті, жаялықтық дерматиті бар балалар арасында сулықтар жөргек маңындағы теріні тазалауға келетін тиісті құрал деп саналады.

Зерттеулер көрсеткендей, балалар сулықтарды жақсы көтереді, клиникалық көтере алмау белгілерінсіз қарапайым суды немесе губканы қолданғандай ғана тітіркенуді тудырады. Іс жүзінде, кейбір зерттеулер балалар сулықтарының сезімтал теріге күтім жасайтын құрамындағы жұмсақ лосьонның арқасында дерматиті бар теріге тітіркенуді аз мөлшерде тудыра алатындығын көрсетеді.

Еуропалық Дермотология және венерология академиясының журналында 2001 жылы жарияланған зерттеуде сулықтар негізінен 0-ден (жоқ) бастап, 3-ке дейін (қатты реакция) (су мен тазартқыш материалдар үшін 1.019 салыстырғанда сулықтар үшін 0.831) реакция беретін қарқындылық шәкілі бойынша төменгі балл алды.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.