Pampers қауіпсіздігі туралы жиі қойылатын сұрақтар

Pampers қауіпсіздігі туралы жиі қойылатын сұрақтар

19.03.2014

«Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде біздің қағидаларымыз бен барлық өнімдерді қауіпсіздікке сынаудың қатаң үрдісі жөнінде көбірек білсеңіз болады. Осы бөлімде жауабын таппаған сұрағыңыз бар ма? Ұялмай, бізбен хабарласыңыз.

Сұрақ: Pampers жаңа өнімді бала терісіне тікелей тигізгенге дейін қалайша сынақтан өткізеді?

Жауап: Біз үшін балаңыздың қауіпсіздігінен артық ештеңе жоқ. Бізге толық сенім арта аласыз. Сізге балаңызды қорғауға және өзіміздің баламызға қалай күтім жасасақ тура солай Сіздің балаңызға күтім жасауға көмектесу үшін біз қауіпсіз, жоғары сапалы өнімді ұсынамыз.

Біздің ғылыми негізделген көзқарасымыз балалар мен олардың отбасыларының өмірлерін денсаулықтарына қауіп төндірмей, жақсартудың негізі болып табылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісінің бірінші кезеңінде-ақ балаға немесе бала өнімдеріне қауіпті деп есептеуге болатын барлық құрауыштарын алып тастаймыз. Дүниежүзілік реттеуші ұйымдармен (Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасына санитарлық қадағалау басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және тағы басқалары) қолданылатын ғылыми үрдістердей біз әрбір қолданылатын құрауыштың қауіпсіз деңгейін анықтаймыз.

Ата-аналарға нақты өмірлік жағдайларда өнімімізді сынап көруге мүмкіндік беру үшін мұқият сынақтан өткіземіз және қауіпсіздіктің, өнімділіктің және сапаның ең жоғары стандарттарын сақтап отырамыз. Pampers өнімдерінің әлемдік нормативтік талаптардың бәріне және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласындағы педиатриялық дерматологтар сияқты жетекші сарапшылармен 700-ден астам ғалым мен маман жұмыс істейді.

Сұрақ: Pampers Балалар сулықтарының немесе жөргектерінің құрамында метилизотиазолинон немесе метилхлороизотиазолин (неолен, катон, MI, MCI атауларымен де белгілі) бар ма?


Жауап: Жоқ. Pampers Балалар сулықтары мен жөргектерінің құрамында метилизотиазолинон немесе метилхлороизотиазолин жоқ.

Сұрақ: Pampers Балалар сулықтары сәбилердің сезімтал терісіне жарай ма?

Жауап: Pampers Балалар сулықтары аллергияны немесе тері тітіркенуін тудырмайтындығына көз жеткізіу үшін клиникалық сынақтан өткізілген және олардың, тіпті, сезімтал теріге де жарайтындығы клиникалық тұрғыда дәлелденген. Негізінен Pampers Балалар сулықтары жуынуға арналған губка мен суға қарағанда жұмсағырақ болып табылады.

Сұрақ: Pampers Балалар сулықтарын баламның беті мен қолына пайдалансам қауіпсіз бол ма?

Жауап: Сулықтар «жөргек астындағы теріні» тазарту үшін арнайы жасалғанымен, аналар оларды бала денесінің кез келген жеріне, соның ішінде бетке де қолданудың қауіпсіз екендігіне сенімді бола алады және жөргекті әрбір ауыстырған сайын қолдана берсе болады.

Сұрақ: Балалар сулықтары кейбір сәбилердің терісінде қышыну мен кебек тәрізді бөртуді тудыруы мүмкін дегенді естідім.

Жауап: 2014 жылдың басында балалар сулықтары балаларда аллергиялық бөртпені қалай тудыратындығы жөнінде ғылыми басылымдар мен мақалалар болған. Бұл жарияланымдар құрамында ерекше құрауыш метилизотиазолинон болатын балалар сулықтары туралы болған. Pampers Балалар сулықтарының құрамында бұл құрауыш жоқ екеніне сенімді болыңыз. Pampers Балалар сулықтарының құрамына кіретін консерванттар клиникалық сынақтан өткен, ол кезде олардың қолдану барысында қауіпсіз екендігі дәлелденген.

Сұрақ: Балам үшін жөргектер қауіпсіз екендігіне кепілдік беру үшін Pampers бір реттік жөргектерінің құрауыштары тиісті түрде сынақтан өткізілді ме?

Жауап: Балаңыз біздің №1 мақсатымыз болып табылады. Pampers бала терісіне қандай да бір зияндығы жоқ екендігіне кепілдік беру үшін өніміміздің және оның құрамына кіретін материалдардың қауіпсіздігін тәжірибеден өткен қауіпсіздікті бағалау әдістері бойынша мұқият бағалап, сынақтан өткізеді.

Pampers жөргектерінде қолданылатын құрауыштар мен материалдар клиникалық сынақтан өткізілген және тітіркенуді немесе терінің жоғары сезімталдығын тудырмайды.

Сұрақ: Бір реттік жөргекті жөргектің басқа түріне алмастырып қолданғанда, бала үшін қандай да бір болмашы салдары бола ма?

Жауап: Қазіргі заманғы бір реттік жөргектердің көп жылдық қауіпсіз қолдану тарихы бар. Зерттеулер көрсеткендей, бір реттік жөргектердің іс жүзінде артықшылығы бар және олар балаңыздың терісінің күйін жақсарта алады. *Одан басқа, ылғалды бала терісіне тигізбей ұстап тұратын және баздану қаупін төмендетуге көмектесетін аса сіңіргіш гельдің арқасында заманауи бір реттік жөргектерді қолданғанда терінің шамадан тыс ылғалдануы азаятындығы дәлелденген.



*(Адам, Ральф. «Жөргек астындағы терінің күтімі». Педиатриялық дерматология 25.4 (2008): 427-433; Сеймур, Джон Л., және авторластар. «Дені сау сәбилердің терісіне және атопиялық дерматиті бар балаларға әр түрлі жөргектердің клиникалық әсерлері» Американдық Дерматология академиясының журналы 17.6 (1987): 988-997).

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.