Pampers Cіздің балаңыз үшін қауіпсіздік кепілдігін береді

Pampers Cіздің балаңыз үшін қауіпсіздік кепілдігін береді

19.03.2014


Біздің міндеттемеміз
Біз үшін балаңыздың қауіпсіздігінен артық ештеңе жоқ. Бізге толық сенім арта аласыз. Сізге балаңызды қорғауға және өзіміздің баламызға қалай күтім жасасақ тура солай Сіздің балаңызға күтім жасауға көмектесу үшін біз қауіпсіз, жоғары сапалы өнімді ұсынамыз. Біздің ғылыми негізделген көзқарасымыз балалар мен олардың отбасыларының өмірлерін денсаулықтарына қауіп төндірмей, жақсартудың негізі болып табылады.

Біз кейбір құрауыштарды қолданудан аулақ боламыз
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісінің бірінші кезеңінде-ақ балаға немесе бала өнімдеріне қауіпті деп есептеуге болатын барлық құрауыштарын алып тастаймыз.

Біз сұрақтар қоямыз
Ғалымдар мен ата-аналар ретінде біз әрбір құрауыштың қауіпсіздігіне қисынды сенімсіздік таныта қараймыз.

Бұл ұүрауыштар балаларға арналған өнімдерде қолданылатындығын түсінеміз, және де қауіпсіз екендігіне сенімсіз болған құрауыштарды қолданбаймыз.

Біз қауіпсіздік деңгейін анықтаймыз
Дүниежүзілік реттеуші ұйымдармен (Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасына санитарлық қадағалау басқармасы, Қоршаған ортаны қорғау агенттігі, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және тағы басқалары) қолданылатын ғылыми үрдістердей біз әрбір қолданылатын құрауыштың қауіпсіз деңгейін анықтаймыз.

Біз өнімнің қауіпсіз пайдалануын анықтаймыз
Pampers өнімдерінің әлемдік нормативтік талаптардың бәріне және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласындағы педиатриялық дерматологтар сияқты жетекші сарапшылармен Pampers пен P&G-дің 700-ден астам ғалым мен маман жұмыс істейді.

Тұтынушыларға және қоршаған ортаға олардың нақты қауіпсіздігін дәлелдеу үшін барлық құрауыштарын соңғы өнімде бағалаймыз. Ата-аналарға нақты өмірлік жағдайларда өнімімізді сынап көруге мүмкіндік беру үшін мұқият сынақтан өткіземіз және қауіпсіздіктің, өнімділіктің және сапаның ең жоғары стандарттарын сақтап отырамыз.

Қолданылуын және жаңа ақпаратты қадағалап отырамыз
Балаларымызға қатысты барлық нәрсеге көп назар аударамыз. Әзірлеуді аяқтап болғанның өзінде тұтынушылармен кері байланыс жасау, мұқият дайындау және нарық сапасын тексеру арқылы дүкендерде сатылатын өнімдерімізді бақылауды жалғастыра береміз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.