Базданудың алдын-алу және ылғалды сулықтарды не үшін пайдалану қажет

Базданудың алдын-алу және ылғалды сулықтарды не үшін пайдалану қажет

19.03.2014

Балаларға арналған ылғалды сулықтар көптеген отбасының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болды. Сулықтарды қолдану саласы көбейгеннен бері сау тері көрсеткіштерінің едәуір артуымен бірге тұтынушылардың өсіп жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін сулықтарды шығару үрдісі үнемі жетілдіріліп келеді.

Pampers өзін қазіргі күнгі бақытты және денсаулығы жақсы бөбектер, сондай-ақ болашақ ұрпақтар үшін өнімдер шығаруға арнады.

Жөргектегі теріге қамқорлық жасау
Жөргекке тиіп тұратын тері көп жағдайда ылғалдың, баланың зәрі мен дәретінің әсерімен тітіркеніп кетеді. Бұдан басқа, жөргекке жақын тұрған тері бөлігінде сәби денесінің басқа бөлігіне қарағанда көптеген қыртыстар мен бүгілістер көп болады және бұл терінің мұқият сүртілуіне кедергі тудырады. Дененің аталған бөлігінде бала терісінің қорғаныс функциясы толық жұмыс істегенімен, жөргектегі ылғалдық әсері мен сіңіргіш қасиет жергілікті тітіркену мен жөргектік дерматитті туындатуы мүмкін.

Жөргектік дерматит (тітіркенуді және жайсыздықты тудыруы мүмкін қатты, қабыну реакциясы) — балалар терісінің анағұрлым әйгілі ауруы. Дерматит бірнеше себептермен туындауы мүмкін:

• Теріні ылғалдандырып, қорғаныс функциясын азайтатын және нәрестенің терісін зақымдап, баздануға бейімдейтін ылғалды жөргекті ұзақ кию;
• Терінің сыртқы жағындағы қорғаныс ақуыз бен майды ыдырататын нәжіс ферменттерінің болуы,
• Қозу мен қызаруды тудыратын бала дәретінің болуына байланысты көтерілетін рН анағұрлым жоғары деңгейі;
• Осы факторлардың барлығы бөртпелердің қолайсыз және жайсыз формаларын тудыруы мүмкін.

Жөргектегі теріге қамқорлық жасау
Жөргектік дерматиттің тиімді алдын-алу және емдеу үшін жөргекті жиі ауыстырып, қатты сіңіретін бір реттік жөргектерді, кремдерін пайдаланып, теріні несеп пен нәжістен тазарту, сондай-ақ, жөргекті әр ауыстырған сайын мұқият тазартуға арналған жұмсақ ылғалды сулықтарды қолданған жөн.

Жұмсақ тиімді тазарту терінің ластануын жою арқылы базданудың туындау қаупін азайтуға және рН бірқалыпты деңгейге келтіруге себеп болады. Бұдан басқа, балаларға арналған ылғалды сулықтарда баланың терісін қалпына келтіретін құрауыштар болады.

Су мен жөке тазарту классикасы болып саналғанымен, судың бала терісіндегі майлы заттарды оңай кетіре алмайтындығын атап өткен жөн. Бұдан басқа, су өздігінен рН теңгерімі бұзылса, оны байтараптандыра алмайды.

Сонымен, уақыт өте келе су терінің физиологиясына кері әсер етіп, тазартудың басқа тәсілдеріне, мысалы, балаларға арналған ылғал сулықтарға қарағанда жақсы құрал болып көрінбейді. Сондай-ақ, бірнеше рет пайдаланылатын кейбір жөкелер мен ысқыштар тиімді гигиена үшін проблема болып, үйкеу және механикалық әсері нәтижесінде, әсіресе бұған дейін баланың терісі зақымданған болса, терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.