Ылғалды сулықтар тиімділігінің ғылыми негіздері

Ылғалды сулықтар тиімділігінің ғылыми негіздері

19.03.2014

Соңғы 10 жылда медициналық журналдарда бірнеше зерттеулер жарияланды. Олар өнімнің алуан түрлі клиникалық жағдайлары мен формулаларының ішінде балаларға арналған ылғалды сулықтардың жұмсақ және құнтты бола отырып, тиімді тазартуды қамтамасыз ететінін көрсетеді. Зерттеулер олардың, тіпті, аса сезімтал тері үшін пайдалануын қолдайды.

Ылғалды сулықтар терінің қорғаныстық функцияларын бұзбайды
2011 жылы "Дерматологиядағы күтім" журналында жарияланған зерттеу ылғалды сулықтардың мақта матадан жасалған сүлгі мен суға қарағанда теріге қоздырғыштығы аз болатын барынша аз бүлдіргіш әсер тигізетінін көрсеткен. Зерттеулер дәл осы ылғалды сулықтардың сәбиге анағұрлым аз «жайсыздық» тудырып, жөргекпен тітіркенген теріні жұмсақ тазартуға қолайлы екенін көрсеткен.

"Педиатриялық Дерматологияда" жарияланған 2012 жылы 44 баланы проспектиктивтік зерттеу жөргекті әр ауыстырған кезде ата-аналары ылғалды сулықтарды немесе суға малынған жөкені пайдаланған балалардың терісінің жағдайын салыстырады. Ылғал сулықтарды пайдалану суды пайдаланғанға қарағанда терінің тұрақты жағдайын сақтап, ылғалдықтың теріден буланып шығу арқылы кетуіне әсер еткен. Алынған деректер жаңа туған баланың алғашқы 4 аптасында терісін ылғалды сулықтармен тұрақты тазартып отыру терінің қорғаныстық қызметін қалыптастыруға кері әсерін тигізбейтінін болжауға мүмкіндік берді.


Олар тіпті сезімтал теріге де жарамды

2009 жылы "Педиаториялық дерматология" өткізген терісі сезімтал сәбилерді зерттеу "атоптикалық дерматит" диагнозы қойылған балаларда сезімтал теріге арналған сулықтарды пайдаланғаннан кейін тері ауруының белгілері, соның ішінде қызару, ісіну және құрғақтық азайғандығы байқалған.

2001 жылы Еуропалық Дерматология және Венерология Академиясының Журналында жарияланған екі тәуелсіз зерттеу атоптикалық дерматиті бар 200 баланың терісінде жөргектік дерматиттің барын және дәрежесін көзбен шолып тексеру кезінде ылғалды сулықтар мен тазартқыш құралдар қосылған суды пайдаланған топтар арасында айырмашылық болмағанын көрсеткен.



Ылғалды сулықтар теріні сулайды
2009 жылы "Неонатология" журналында жарияланған клиникалық зерттеулер ылғалды сулықтардың жаңа туған балалардың қарқынды терапиясы бөлімшелеріндегі шүберек жөкелерге қарағанда нәресте терісін сау етіп сақтауға шын мәнінде көмегін тигізетінін көрсеткен. Нәрестелердің қарқынды терапиясы бөлімшелеріндегі зерттеу шала туған нәрестелер мен мерзімінде туған нәрестелерге жасалған. Ылғалды сулықтарды алғашқы 5 күн пайдаланғаннан кейін жөке мен суды пайдаланғанға қарағанда балалардың бұтындағы терісінің аз қызарғандығына алып келген.



2001 жылы "Дерматологиялық күтім" журналында жарияланған материалдар қазіргі ылғалды сулықтардың кәдімгі мақта матадан жасалған сүлгі мен суға қарағанда беткі жағының сіңіргіштігі, жұмсақ негізі арқасында теріге жұмсақ әсер ететіндігін көрсеткен.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.