Pampers ылғалды сулықтары неге  артықшылыққа ие

Pampers ылғалды сулықтары неге артықшылыққа ие

19.03.2014

Балаларға арналған ылғалды сулықтар бастапқыдағы бір реттік сулықтардан бері ұзақ жолдан өтті. Технологияның дамуына қарай балалар сулықтарына деген тұтынушылық көзқарас та, оларды белсенді өмірде пайдалану да өзгеріп отырды. Алғашқыда балаларға арналған ылғалды сулықтар сәбилердің гигиенасы үшін шығарылғанымен, кейіннен ата-аналар күнделікті өмірде сулықтарды өздері үшін де пайдаланудың қолайлығын түсінді.




Балалар гигиенасы
Бүкіл әлемдегі ата-аналардың сұранысын қанағаттандыру үшін үнемі талпыныс жасау аясында Pampers аналар арасында өнімге деген қажеттілікті, оның пайдалануын және артық көретін өнімдердің бағалануын анағұрлым терең түсіну үшін тұрақты түрде зерттеулер жүргізіп тұрады. Жақында АҚШ-та өткен 4 жасқа дейінгі балалардың аналарын зерттеу аналардың ылғалды сулықтың ең басты қызметі – балалардың дәретінен тазарту деп санайтынын көрсетті. Содан кейін барып балалардың терісіне жағымды әсер ететіні айтылған.




Өз нәрестесінің жынысы мен жасына қарай, аналар тазартудың әр түрлі нұсқаларын пайдаланады. АҚШ-та ең кішкентай балалардың аналары сәбидің терісін нәзік тазарту мен сәбидің терісіне құнтты күтім көрсетудің маңызы зор болса, үлкен жастағы балалардың аналары теріні тез және мұқият тазартатын құралға мән береді екен.

Терісі сезімтал балалардың аналары теріні тазартып, сезімтал теріге күтім көрсететін екі міндетті бірден атқаратын ылғалды сулықтарды артық көреді.

Ылғалды сулықтардың басқа қолданылуы
Балаларға арналған ылғалды сулықтарды тек жөргектерді ауыстыру кезінде ғана емес, көптеген жағдайларда пайдалануға болады. Ананың баласымен бірге үйден тыс өткізетін уақыты қаншалықты көп болса, жөргек салынған сөмкенің ішінде, машинада және тіпті ас ішетін үстелдің маңында да ылғалды сулықтар соншалықты жиі кездеседі.


Нәрестелер мен балалардың өсуіне қарай аналар сулықтарды пайдаланудың жаңа тәсілдерін ойлап таба береді. Жақында АҚШ-та 500 анамен өткізілген зерттеу ылғалды сулықтар тек жөргекті ауыстырғанда ғана емес, балалардың қолын (90 %), бетін (88 %), аналардың қолын (72 %) және заттардың беткі жақтарын (65 %) тазарту үшін пайдаланатындығын көрсеткен.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.