Ылғалды сулықтар және матадан жасалған сулықтар. Қайсысы жақсы?

Ылғалды сулықтар және матадан жасалған сулықтар. Қайсысы жақсы?

19.03.2014

Пайдалану ыңғайлылығы
Бүгінгі аналардың үйден тыс өткізетін уақытын есепке алатын болсақ, балаларға арналған ылғалды сулықтар өз қолайлығы мен ыңғайлылығы арқасында жөргектерді ауыстыру кезінде де, баланың беті мен қолын сүрту кезінде де таптырмас құрал болып табылады. Шындығына келгенде, зерттеуге қатысқан Солтүстік Америка аналарының 86%-ы үйден тыс жерде жөргектерді ауыстыру кезінде ылғалды сулықтарды үнемі/жиі пайдаланатындығын айтқан.



Ыңғайлылық – бұл аналардың теріні тазартудың басқа тәсіліне қарағанда ылғалды сулықтарды артық көру себептерінің негізгісі. Германияда, Ұлыбританияда және Францияда өткізілген 9 жасқа дейінгі балалары бар аналарды зерттеу сулы жөкені пайдаланғаннан гөрі ылғалды сулықтарды пайдаланудың басты себебі – ыңғайлылық екенін көрсеткен.




Экологиялылық
Ана-аталар балаларға арналған ылғалды сулықтардың қоршаған ортаға теріні күтуге арналған басқа құралдардан артық зиян келтірмейтіндігіне сенімді бола алады. 2010 жылы Еуропаның бір рет пайдаланылатын мата емес материалдар мен бұйымдарды өндірушілер қауымдастығы қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін балаларға арналған ылғалды сулықтарды, жөкелер мен мақта шариктерді салыстырып, Өмірлік циклді бағалауды (ӨЦБ) жүргізді.



Зерттеу қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін барлық «өмірлік циклді» қамтыды (алғашқы шикізаттан өнімді шығарудан бастап, пайдағанға асырғанға дейін өндірісін, тұтынушылардың пайдалануын ) Нәтижелер балаларға арналған ылғалды сулықтар мен жөкелердің қоршаған ортаға бірдей әсер ететіндігін және оларды пайдалану мақта шариктеріне қарағанда қолайлы екендігін көрсетті.


Іс жөргектерді ауыстыруға жеткенде әр ана өз баласы үшін қандай өнім бәрінен де артық екенін біледі. Өзінің жеке қалауын былай қоятын болсақ, балаларға арналған ылғалды сулықтардың теріге әсер ету жұмсақтығы және үйден тыс уақытта пайдалану қолайлығы жағынан сулы жөкеден басым тұратындығы белгілі болды. Бұдан басқа, ылғалды қоршаған ортаға сулықтар жөке мен су секілді зиянсыз.


Нәзік күтім
Балаларға арналған ылғалды сулықтар теріні ылғалдандыру мен күту үшін өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді. Аталған көрсеткіштер сулы жөкелерге қарағанда жоғары болмаса, төмен емес.





2001 жылы "Дерматологиядағы күтім" журналына жарияланған материалдар Pampers Sensitive ылғалды сулықтарының нәзік негізі, жұмсақ үстіртін белсенді құралдар мен ылғалдандырғыштардың арқасында кәдімгі мақта матадан жасалған сүлгі мен суға қарағанда, теріге әлдақайда жұмсақ әсер ететіндігін көрсетті.


2009 жылы «Неонаталогия» журналында жарияланған клиникалық зерттеу құрамында спирт жоқ иіссіз ылғалды сулықтардың жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясы бөліміндегі мақта матадан жасалған дәке мен суға қарағанда сәби терісінің саулығын сақтауға жақсырақ көмектесетінін көрсеткен.

Нәрестелердің қарқынды терапиясы бөліміндегі зерттеулер шала туған нәрестелер мен мерзімінде туған нәрестелерге өткізілді. Алғашқы бес күн қолданғаннан кейін ылғалды сулықтарды пайдалану мақта матадан жасалған дәке мен суға қарағанда нәрестенің бұтындағы терісін аз қызартатындығын көрсеткен. Pampers Baby Wipes ылғалды сулықтарының теріге құнтты және жұмсақ әсерін қамтамасыз ететін негізгі сипаттамалары:

• Жұмсақ тоқыма емес мата
• Теріні қалпына келтіретін ылғалдандырғыштар
• Теріні жұмсартатын және кірді кетіретін жұмсақ мата
• Терінің табиғи pH-теңгерімін қалпына келтіретін pH бейтараптандырғыш жүйесі

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.