Үш шұғыл жағдайда не істеу керек

Үш шұғыл жағдайда не істеу керек

Linda Jonides

27.05.2014

Егер Сіз қауіпсіз деген жерде шұғыл жағдай орын алған болса, бұл, әрине, балаңызды аталған жағдайдан аман-есен шығарып алғаннан кейін, Сізге қауіпсіздіктің жаңа сабағын алу керек дегенді білдіреді.

Жарақаттануға жеткізбеу шараларын қабылдай отырып, Сізге бірінші кезекте баланың айналасындағы заттар мен жағдайды зерттеу керек. Аталған жағдайларды қанша зерттеп,баққаныңызбен, қолайсыз оқиғалар болып тұрады. Бұрын біз жазатайым оқиға болмас үшін баланы дұрыстап қарау керек деп ойлаушы едік.

Шұғыл жағдай дегеніміз не?


Шұғыл жағдай – Сіздің пікіріңізше, балаңыздың өмірі мен денсаулығына ауыр жарақат немесе ауру төніп тұр деген жағдай. Бұндай жағдайларда (есінен танып қалуды, тыныс алудың қиындауын, қатты қан ағуды қоса есептегенде) балаға шұғыл медициналық көмек көрсету керек.

1. Жануарлардың тістеп алуы


Жануарлар тістеп алған кезде қан аға бастаса, жараңызды қатты қысып, бес минут бойы немесе қан тоқтамайынша жібермеңіз. Жараны көп мөлшердегі сабынды сумен ақырындап жуып, дәрігерді шақырыңыз.

Жануарлардың теріні зақымдайтын кез-келген тістеп алуы кезінде балаға сіреспеге (АКДС) және құтыруға қарсы егу жасалғанын-жасалмағанын анықтап алған жөн. Екі ауру да жануарлардың тістегенінен туындайды, сондықтан мәселені дәрігермен шешкен жөн. Бұл жануарды танисыз ба, жоқ па, және оны аталған ауруларға тексеруге мүмкіндік бар-жоғын дәрігерге хабарлаңыз. Тиін, жанат және егеуқұйрық секілді жабайы жануарлардың тістеп алуы кезінде медициналық тексеру міндетті болып табылады.

2. Күйіп қалу


Отқа күйіп қалғаннан басқа бала күнге, электрлік тоққа, химиялық затқа, жанғыш сұйықтықтарға немесе буға күйіп қалуы мүмкін. Кез-келген күйдіру теріні зақымдап, тыртық қалдырады. Тіпті кейбіреулері болмашы болып көрінгенімен, салдары өте ауыр болады. Күлдіреп, күйген жері ақ немесе қара түске айналып кетсе, бұл оның тереңдігін білдіреді. Дереу дәрігерді шақырыңыз. Күйіктің көлемі кесенің бетінен де үлкен болса немесе бет пен қол күйіп қалса дереу дәрігерді шақыру керек.

• Күйген жерді салқын суға барынша тез салыңыз
• Күйген жерге мұз баспаңыз және күйген жерді мұздай суға салмаңыз
• Күйген жерден киімді шешіп тастаңыз (егер киім жараға жабысып қалған болса, оны мұқият қайшымен кесіп алыңыз. Киімді салқын суға малынған таза мата арқылы босатып алуға болады.
• Жарадан сұйықтық бөлініп жатпаса, оны жауып тастамаңыз: кішкентай қызыл күйген жер мен күлдіреген тері кебуі тиіс.
• Егер жарадан сұйықтық бөлінетін болса, зарарсыздандырылған дәкені таңып қойыңыз (дәке әрдайым медициналық қобдишада болуға тиіс).
• Күйіп қалған кезде майлар мен сеппе көмекші болмайды, керісінше, үлкен зияндық алып келуі мүмкін.
• Егер бірнеше сағат бойы қызарған жер одан әрі қарай дуылдап ауыра беретін болса, дәрігерді шақырыңыз.
• Электрлік күйік немесе қол, ауыз және жыныстық жерлер күйіп қалған жағдайда, медициналық көмекі барынша тез көрсету керек.

Күлдіреулері бар күнге күюлер екінші дәрежедегі күюлер екенін есте сақтаңыз. Күйіктердің бұндай жағдайларында медициналық қарауды өткізіп, ауруды басып, зақымданған жердіғ қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

3. Улану


Балаңыз уланып қалды деген ықтималдық болса, кез-келген уақытта 103 – Жедел жәрдем нөміріне хабарласыңыз. Егер баланың қолынан кез келген бір заттың ашық немесе бос құтысын көрсеңіз және баланың жүріс-тұрысы біртүрлі болып көрінсе, уланып қалуы әбден мүмкін.

Улану белгілеріне мыналар кіреді:

• баланың киіміндегі түсініксіз дақтар
• ерніндегі және бетіндегі күйіктер
• сілекейінің дұрыс бөлінбеуі
• аузынан дұрыс емес иістің шығуы
• жүрек айнуы немесе лоқсуы
• температура болмаған кезде ішінің ауруы
• тыныс алуының қиындауы
• көңіл-күйінің кенеттен бұзылуы
• конвульсиялар
• естен тануы

Баланың қолынан улы затты алып қойып, кейін тиісті мамандарға көрсету үшін сақтап қойыңыз. Бала құсып, не жегенін білмейтін болсаңыз, құсығының бір бөлігін дәрігерге көрсету үшін контейнерге жинап қойыңыз.

Жағдайды ауыр деп білсеңіз немесе балаңыз аяғында нық тұрмаса немесе есінен танып қала беретін болса, тез арада дәрігерге көрсетіңіз. Егер аурухана тым алыста болса, жолға шығар алдында телефон бойынша жергілікті токсикология орталығынан немесе балаңызды емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.

Кеңес берілмеген болса, балаңыздың құсығын шақырмаңыз. Кейбір жағдайларда бұл аса қауіпті болуы мүмкін. Тазартқыш және жуғыш құралдар құстырту кезінде баланың тамағын күйдіріп, одан бетер зияндық әкелуі мүмкін.

Ерте ме, кеш пе, жазатайым оқиға кез-келген баламен болады. Сондықтан, осы жағдай үшін өзіңізді кінәламаңыз. Оның орнына жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін не істеу керек екенін және олар орын алған жағдайда өзіңізді қалай ұстау керектігін біліп алыңыз.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.