Таза ауада баламен ойнау кезіндегі қауіпсіздік бойынша 4 кеңес

Таза ауада баламен ойнау кезіндегі қауіпсіздік бойынша 4 кеңес

Suzanne Dixon

27.05.2014

Күн сәулесінің зиянынан қорқу орынды. Бірақ күні бойы төрт қабырғада телміріп отыруға да болмайды ғой! Әйтеуір, сәбиіңіздің терісін қорғау мүлдем қиын емес екені қуантады.

1. Дұрыс киіну – сәттіліктің кепілі


Балаға ауа жіберетін, еркін дамбалша мен жеңі ұзын көйлек кигізіңіз. Сондай-ақ, басына жиегі кең телпекті кигізуді де ұмытпаңыз. Балаңыздың нәзік терісін ультракүлгін сәуленің зиянды әсерінен қорғау өте маңызды.

2. Лосьонды көптеп алыңыз


Бұрын күннен күюден қорғанатын лосьондар балаларға алты айдан бастап ұсынылса, қазір уақыт өзгерді. Терінің ашық жерлеріне күннен қорғайтын факторы 15-тен 30-ға дейінгі лосьонды жағыңыз. Лосьонды әр екі сағат сайын, сондай-ақ баланы шомылдырғаннан кейін немесе бала терлегеннен кейін жағыңыз.

Мәселе күннің ыстығынан қорғану жайында болғанда лосьонды көп жағудан қорықпаңыз.

3. Жоғары температурадан аулақ болыңыз


Температура қатты көтерілген кезде үй-жайда болыңыз. Сізге бұл ұзақ болып көрінуі мүмкін, бірақ балалардың көпшілігі ұйқыдан тұрғаннан кейін, далаға шыққанды жақсы көреді (сағ.6.00).

Ертеректеу шығып, балаңызбен бірге ойнап келіңіз, қайтып келгеннен кейін тамағын жегізіп, температура жоғары болған кезде ұйықтатыңыз. Ол ұйқыдан тұрған кезде, күн оншалықты ыстық болмайды. Сондықтан күйіп қалудан қорықпай, оны қайтадан далаға жіберуге болады.

Бұл ретте есте сақтарлық бір жайт, бала үшін жылдың кез-келген кезеңінде, кез-келген ауа-райында күйіп қалу қаупі бар.

4. Күннен күйген жерлерді өңдеу


Егер сонда да балаңыз күн сәулесінен күйіп қалған болса, терінің күйіп қалған жеріне 20 минутқа және одан көп уақытқа салқын мата қойып, жағымсыз әсерді басыңыз. Сондай-ақ дәрігеріңіз ацетаминофен немесе ибупрофенді ішкізуді кеңес етуі мүмкін.

Вазелин май немесе Алоэ вера секілді ылғалдандырғыш лосьон баланың терісін емдеп, ауруын басып, құрғақтықты бодырмайды. Сондай-ақ, қайта күйіп қалудан аман болу керек: терінің күйіп қалған учаскесі бір жыл бойы күн көзінен қосымша қорғауды қажет етеді.

Күлдіреудің пайда болуы медициналық көмекті қажет ететін күйіктің екінші дәрежесін білдіреді.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.