Тілінген жерлерді және жараларды қалай өңдеуге болады

Тілінген жерлерді және жараларды қалай өңдеуге болады

Linda Jonides

27.05.2014

Қолын кесіп алған кезде, әдетте жараны мұқият жуу жеткілікті болып жатады. Сондай-ақ, баланың моралдық-психикалық жағдайына әсер ететін аялау мен қамқорлықты (жылы сөздер, зақымданған жерді сүю) көрсетудің маңызы бар.

Әрине, кесілген жара жай ғана болмаса, ондай жағдайға алдын-ала дайындалған жөн. Ауыр кесіктер мен жараларға қарсы не істеуге болатындығын біліп алыңыз.

Терінің сыдырылуы


Көп жағдайда бұндай жаралар терінің қатты үйкелуінен пайда болады. Үлкен жаралар ашық қанаған жараға ұқсайды, бірақ уайымдаудың қажеті жоқ, себебі ондай жағдайда қан аз кетеді.
Жараны мұқият жуу керек, себебі теріде қалып қойған кір инфекцияны жұқтыруы мүмкін.

Алдымен барлығын тазартып, содан соң зақымданған учаскені сабындап мұқият жылы сумен жуыңыз.

Кесіктер мен тіліктер


Кесіктер немесе тіліктер – бұл терінің төменде жатқан тіндерге дейін жарылуы. Көп жағдайда ол қанауы мүмкін. Терең кесіп алған кезінде жүйкелер мен сіңірлер зақымдануы мүмкін.

Балаңыз қолын кесіп алған жағдайда келесі әрекеттерді жасаңыз:

• Жарақатты бес минутқа таза матамен қысып қойыңыз
• Егер қанауы тоқтамаса немесе матаны
алып тастаған кезде қайтадан ағатын болса, жараны қайтадан қысып, дәрігерге көрініңіз
• Тыныштық сақтаңыз (Істегеннен гөрі
айтудың оңай екені белгілі, бірақ бұл дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді, әрі балаңыз да қатты қорқып кетпейді)
• Терең жарылу кезінде (бұлшықеттерге
немесе сіңірлерге дейін) немесе жара ұзындығы бойынша 2,5 см-ден артық болатын болса, дәрігерге көрініңіз. Жарақаттанудың бұндай жағдайларында жүйкелер мен сіңірлер зақымдануы мүмкін және жарақатты алғаннан кейін сегіз сағат ішінде тігіп қоюға тура келуі мүмкін.
• Жара жанындағы буындардың
қозғалуын тексеріп көріңіз, қолдың саусақтары мен аяқтың башпайлары бүгілуі тиіс. Егер олар бүгілмесе, сіңір зақымдануы мүмкін.
Егер кесіп алған жер терең болмаса, оны
жылы сумен жуып, стерильді таңғышты таңып қойыңыз немесе жараның жиектерін біріктіре отырып, көлденеңнен лейкопластырь жабыстырыңыз. Егер жараны дұрыс өңдей алмасаңыз дәрігермен хабарласыңыз.

Өңдеу және таңу


Жараны өңдеуге арналған құралды таңдаған кезде абай болыңыз. Йод пен басқа антисептиктердің қорғанысы аз болып, жараны одан сайын ауыртып, жайсыздыққа ұшыратады. Сондықтан антибиотиктері бар жақпа майларды жағыңыз.

Көптеген жаралар табиғи ем болып табылатын өзінің қатты қабығымен жабылады. Үлкен және суланып тұрған, сондай-ақ ұзақ жазылмаған жараларға кез-келген дәріханада сатылатын стерильді таңғышты таңу керек. Қабық пайда болғанға дейін жараның бетін қорғау үшін антиботиктері бар жақпа майды жаққан дұрыс. Таңғышты күнделікті ауыстырыңыз, сондай-ақ оны бүлінгенде немесе суланғанда ауыстыру керек. Таңғыш әдетте екі-үш күнге – қабық пайда болғанға дейін таңылады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.