Баланың неге жылап тұрғанын қалай түсінуге болады

Баланың неге жылап тұрғанын қалай түсінуге болады

Jennifer Kelly Geddes

03.06.2014

Ұзақ күннен кейін балаңызды төсегіне жатқыздыңыз, енді шамалы ұйықтап алсаңыз болады. Бірақ бұл шынымен шамалы ғана уақыт. Кішкентай балалардың ұйқысы өте сақ, жиі оянып кетеді де, жылай бастайды.
Сіз де оянып, оның төсегіне шала ұйқы күйінде барып, оны мазалаған не нәрсе екендігін түсінуге тырысасыз.

1. Саспаңыз


Ең бастысы, Сіздің жасайтын әрекетіңіз – саспау және әлде бір қорқынышты жайт туындағандығы жөнінде ойламау! Барлық балалар жылайды, оған бой ұсыныңыз. Сіз жаман анамын деп және әлдебір нәрсеге кінәлімін деп есептемеңіз. Осы кездегі жылау – бұл баланың Сізбен араласудың, Сізге өзінің қажеттіліктері жөнінде айтудың және назар аудартудың жалғыз ғана әдісі.

2. Түнгі жылау – қалыпты нәрсе


Бала ұйқының бір кезеңінен басқасына ауысқанда өздігінен көптеген әр түрлі дыбыстарды шығарып, тіпті өзін оятып, кейін қайтадан тез-ақ ұйықтап қалуы мүмкін. Сондықтан түн ортасында оның жылағанын естіген болсаңыз, атып тұрып төсекке қарай ұмтылмаңыз, шамалы күте тұрыңыз, ол жылдам тынышталып, тәтті ұйқысын жалғастыруы мүмкін.

3. Жылау түрлері


Тәжірибелі ана баласы аш екендігін немесе қандай да бір жайсыздықты сезінгендігін баласының жылауынан оңай біле алады. Әдетте аш баланың жылауы не қаттырақ, не тыныш түрде болатын қысқа өксікпен ерекшеленеді. Бала жайсыздықты сезінгенде (әлде бір нәрсе кедергі болады не қажайды, толып кеткен жөргек, іш бұрап ауырудың белгілері және т.б.) оның жылауы жоғары дауысты, ащы және қыңсылдап шығады.

4. Ұйықтар алдындағы жылау


Баланы ұйықтауға жатқызғаннан кейін лезде жылайтын болса, дереу төсекке баруға асықпаңыз. Баланың аш еместігін, жөргегі құрғақ екендігін анық білетін болсаңыз, бір-екі минут есік алдында күте тұрыңыз. Ол тынышталып, ұйықтап кетуі мүмкін. Кейде балаларға ұйықтар алдында бу шығарып алу қажет болады.

Ешбір ана баласының жылағанын қаламайды. Бірақ бұдан қашып құтыла алмағандықтан, ең болмағанда, баланың жылау себебін түсінуді үйрену қажет. Алаң болмаңыз, алғашқы айлар ең қиын айлар. Жақын арада сәбиіңіз түн ортасында оянбай ұйықтайтын болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.