Балаға сөйлеуді үйретудің 5 тәсілі

Балаға сөйлеуді үйретудің 5 тәсілі

Kate Conaway

03.06.2014

Сәбиіңіз алғашқы туған күнін өткізгеннен кейін ол сөйлеуге алғашқы талпыныстарын жасайды. Бірақ бұл әрбіреуінде әр қалай болатындықтан, сіз де өз балаңызды басқалармен салыстырмаңыз. Кейбір балалар сөйлеуді ерте бастайды, ал басқалары әлі үндемей жүре береді. Бұл олардың болашақтағы қабілеттеріне ешқандай әсер етпейді, сондықтан алаңдауға себеп жоқ.

Балаңызды ынталандырып, араласу ниетін ояту үшін біздің қарапайым кеңестерімізді қолдана аласыз.

1. Рольдік ойындар
Балалар ересек адамдарға еліктеуді және олардың өміріндегі бірқатар көріністерді ойнауды ұнатады. Бұл жай ғана ойын емес, бұл нағыз оқу үрдісі. Балаңызбен бірге «ойнап» көріңіз. Мысалы, оған қоңырау шалып тұрғандай болыңыз.
Ойынға ойыншықтарды да қосуға, дүкен ойынын ойнап немесе Сізге көбірек ұнайтын кез келген басқа қоғамдық орынды таңдауға болады. Ең бастысы, онда араласу қажет болуы тиіс.

2. Бірге кітап оқыңыз
Сәбиіңізге күнде дауыстап кітап оқыңыз. Бұл жағдайда бала алдыңызда отырып, Сіз қайда оқып жатқаныңызды мұқият қадағалауы қажет. Суреттерді көрсете отырып, (бала қайда кімнің суреті салынғандығын және ол не істеп жатқандығын көрсететіндей) оған сұрақтар қойыңыз, келесі бетті ашуын сұраңыз. Бала Сіз оқыған кітапты есте сақтап, оның мазмұнын айтуды бастау үшін бір кітапты бірнеше рет оқыңыз.

3. Жиі сөйлесіңіз
Баламен диалог құруды бастаңыз. Баламен бала болып сөйлеуді және оның ымдауын түсінуді қойыңыз, онымен саналы әңгіме жүргізуге тырысыңыз. Балаңыз Сізге еліктей бастайды, қылықтарыңыз бен дауыс ырғағын қайталайды, ал уақыт өте барлық сөздерді айта бастайды.

4. Сұрақтар қойыңыз
Балаға мүмкіндігінше көбірек сұрақтар қойыңыз. Қай ойыншықты қалайтындығын түсінбегенсіп, түсіндіруін сұраңыз. Не жегенін, кімді көргенін, не ұнайтындығын және т.б. сұраңыз. Оны мақтап жүріңіз және ештеңе түсінбесеңіз де сөйлесуді жалғастыра беріңіз, басыңызды изеп, күлімсіреңіз.

5. Жаңа сөздерді қосып отырыңыз
Әдеттегідей бала өзінің әдеттегі күнделікті тұрмыста айтылып жүрген сөздерін қайталауды бастайды. Ол жақындарының есімдерін, өз ойыншықтарын, күнделікті көретін заттарды біледі. Бірте-бірте оның ой-өрісін кеңейтуге тырысыңыз: даладағы ағаштарға көңіл аудартыңыз, жаңа жануарлар мен заттарды көрсетіңіз.

Бірақ бұл бар жоғы ойын екендігін ұмытпаңыз. Яғни, оқу үрдісіне Сізге де, балаңызға да көңілді әрі жанға жайлы болуы тиіс!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.