Енді сөйлеп келе жатқан балалардың кәдімгі қиындықтары

Енді сөйлеп келе жатқан балалардың кәдімгі қиындықтары

Suzanne Dixon

03.06.2014

Сөйлеу үшін сәби ауыз, тіл, тамақ пен тіпті өкпенің қимылын үйлестіре білуге үйренуі тиіс. Бұған жылдар кететіні ғажап емес!

Кейбір дыбыстардың бұл жаста қиын екені айдай анық, сондықтан уайымдамаңыз да, сәбиіңіз қателіктер жасайтын болса, қайта-қайта түзете бермеңіз.

Балаларды дұрыс жолдан жиі тайдыратын дыбыстар:

• «сп», «тв», «др» сияқты тіркестер
• «р» мен «л» дыбыстарын ажырату (орыс тілді балалар 5 жасқа дейін жаңылысуы мүмкін, ал кейбір басқа тілді балалар бұл дыбыстарды сол күйі ажыратуға үйрене алмай қалады)
• «в» дыбысы. Бала сөздерді айтып бастағанша, автомобиль мен жүк машинасы шығаратын дыбыстарды көрсете отырып, осы дыбыстарды айтып жүріңіз.

Балаға көмектесу үшін асықпаңыз және қиын сөздер мен дыбыстарды қайталай беріңіз. Сіздің рөліңіз – жаттықтырушы рөлі, сондықтан балаңызбен сөйлескенде дұрыс емес айтуға (немесе баланың былдырлаған сөзіне еліктеп сөйлеуге) тырыспаңыз. Өйткені ол Сізден есту сигналдарын қабылдайды да, дұрыс сөйлеп жатырмын деп ойлайтын болады.

Одан басқа, балаңыз тұтығып сөйлейтін болса, ол үшін ұрыспаңыз – бұл осы жастағы қалыпты нәрсе. Алғашқы жылдары балаңыздың ақылы оның аузынан тез жұмыс істейді, сондықтан айтылатын сөздері бір-біріне кедергі тудырып аузынан атып шығып отырады. Сіз балаңыздан баяу сөйлеуін сұрап, және не айтқанын табуға тырысып, оған көмектесе аласыз. Әдеттегідей, егер Сіз мәселенің күрделілігіне қатысты күмандансаңыз, баланы дәрігерге қаратсаңыз болады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.