Балаға өзімен-өзі сөйлесудің пайдасы қандай?

Балаға өзімен-өзі сөйлесудің пайдасы қандай?

Suzanne Dixon

03.06.2014

Өз баламыздың қасынан өтіп бара жатып, оның өзімен-өзі бірдеңені айтып отырғанын байқаймыз. Кейде ол жай ойнап отырады, кейде кәдімгідей бір сұхбат құрып отырады. Оған кедергі жасап, назарды өзіңізге аудартуға асықпаңыз. Ол сөйтіп әлемді таниды және жинақталған әсерлерін бастан кешеді.

Зерттеулердің арқасында психологтар сәбилердің қарапайым былдыры – оның жеке тұлғасының қалыптасуындағы маңызды үрдіс екенін анықтады. Сол арқылы бала жинақталған тәжірибесін санадан өткізіп, меңгереді. Ол құрдастары мен тәрбиешінің дауыстарын сала отырып, балабақшада не болғанын еске түсіруі, ит немесе мысықпен кездесуі туралы ойлауы мүмкін.
Өзінің бастан кешкені мен алған әсерлерін дауыстап айтқанда ол болып жатқанды жақсырақ түсіне бастайды да, анағұрлым саналы қабылдай бастайды.
Оның ойлары қалыптасып келе жатқан эмоциялық және танымдық дағдылардың біp бөлігі болып табылады. Сондықтан, баланың сөзін бөлмей тыңдаңыз.

Егер сәби Сіздің даусыңызды салып сөйлеп жатса немесе өзін Сіздің атыңыздан ұрсып жатса немесе кездейсоқ құлағы шалып қалған әңгімелерді мазмұндап айтып жатса, таң қалмаңыз. Сіз ол үшін – ең маңызды жансыз, сондықтан Сізбен байланысты әсерлері де өте көп. Бірақ Сіз өзіңізге баланың көзімен сырттан қарап, өз жүріс-тұрысыңызды қайта қарастырып, сәби екеуіңіздің араңыздағы қарым-қатынасты одан да ыстық әрі сенімге толы етіп өзгертуге болатынын түсінесіз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.