Сөйлеуді және қарым-қатынасты дамыту

Сөйлеуді және қарым-қатынасты дамыту

Suzanne Dixon

03.06.2014

Сіздің балаңыз буындап сөйлей бастайды – көбінде бұл «ма-ма» және «да-да» деген тіркестер. Оның кейбір сөздері толық емес және анық та емес – «мысықтың» орнына «мы» немесе «ботқаның» орнына «бо». Бірақ осы дыбыстары бойынша айналасындағылар сәби сөздерінің мағынасын түсіне алады және олардың дұрыс айтылуын өзіне жауап ретінде қайталап береді – сөйтіп бала сөйлеу дағдысын жетілдіреді.

Бала қоршаған заттардың атауларын дұрыс айтып үйренгенінше, ол оларға меңзеп көрсететін болады. Бұл үрдісті психологтар «бірлесіп түсіну» деп атайды. Сәби әсерімен бөліскісі келетін затты саусағымен нұсқап көрсетеді. Ол Сізді күлдіру үшін бет-аузын тыржитып, билеп немесе қызықты қимыл-қозғалыстар жасап, назарыңызды аударуға тырысады.

Оның ымдары мен әрекеттерін Сізден басқа жақсы түсінетін ешкім жоқ, сондықтан да ол Сізбен өзінің денесінің көмегімен қарым-қатынас жасайтын болады.

Жаңа піскен сөйлеуік


Көптеген сәбилердің айналасында құрдас балалар: бауырлары мен сіңілдері, кішкентай көршілері болады. Алайда балаңыз олармен белсенді түрде араласады деп күтпеңіз. Сәбиіңіз басқа балаларды рахаттана отырып бақылап отыруы, тіпті, оларға еліктеуі де мүмкін. Құрдастарымен ойнау қажеттілігі кейінірек пайда болады.

Сәбилер күлдіретін кез келген әрекетін қуана-қуана қайталайды. Ал Сіз күлген болсаңыз, одан бетер тырысып, қайта күлдіруге тырысады!

Толыққанды сөйлеу арқылы қарым-қатынас кейінірек басталады. Оның орнына үлкенірек балаларға кішкентай бөбекті ренжітіп алмай, өз ойыншықтарын алып алудың амалын үйретіңіз.

Сіз енді баланың сезімге ортақтасу қабілетін байқаған боларсыз – ол басқа балаларға қосылып жылайды, құлап қалған баланы аяйды және оған көмектескісі келеді. Бала зардап шеккен баланың не сезетінін әлі де жетік түсінбейтін болса да, сезімдерін білдіруге үйренеді – ол болса оның әрі қарайғы писхикалық дамуында маңызды рөл атқарады.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.