Қауіпсіз жерде еңбектеу: біздің кеңестеріміз

Қауіпсіз жерде еңбектеу: біздің кеңестеріміз

19.03.2014

Сіздің балаңыз еңбектей бастағанда, Сізге оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет: үшкір бұрыштар мен электр розеткаларынан қорғау қажет. Үйіңізді сәбиіңіздің алғашқы қозғалыстарына дайындау үшін біздің кеңестерімізді пайдаланыңыз.

Ата-аналардың ең басты міндеті – балаларының қауіпсіздігі мен денсаулығы, сондықтан да аналардың арнайы қоршаулардан бастап электр розеткаларының тығындарына дейін үйдің ішін реттеуге сонша уақыт бөлетіні таңқаларлық жайт емес. Бөбегіңіз алғашқы бір метрді еңбектеп өте салысымен, денсаулыққа алуан түрлі қауіп-қатер төне бастайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стандартты шараларды қалай және немен толықтыруға болатыны туралы бірнеше кеңес.

Терезелердің бәрін қорғаңыз

Жалюзи мен перделерде баулар жоқтығына көз жеткізіңіз, өйткені бөбек оларға шырмалып, жарақат алуы мүмкін.

Жиһазды қорғау

Қызыққұмар және белсенді бала қызықтыратын бірдеңеге қол жеткізу үшін тумбочкаға немесе шкафқа шығып алуға тырысуы мүмкін. Бұл жиһаздың немесе теледидардың құлауына алып келуі мүмкін, ол болса сәби үшін өте қауіпті.

Комод, теледидарға арналған сөре немесе кітап шкафы сияқты ірі заттардың құлауына жол бермеу үшін оларды қабырғаларға немесе еденге арнайы бекіткіштермен ұстатуға болады.

Сақ болыңыз, улы зат!

Жуғыш құралдар, дәрілер мен косметика сияқты қауіпті заттарды жабық контейнерлерде немесе шкафтарда баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тіпті Сіздің сөмкеңіз де, оның ішінде қолға арналған зарарсыздандырғыш құралдар немесе балалар қақалып қалуы мүмкін сорғыш кәмпиттер жатса, ол қауіп көзі болуы мүмкін.

Сөмкені орындыққа немесе еденге қоюға болмайды, одан да оны шкафтың жоғарғы сөрелеріне немесе балаңыздың қолы жетпейтін жерге алып қойыңыз.

Бала барған сайын тәуелсіз болып, әлемді белсенді түрде зерттей бастаған уақытта барлық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы өте зор. Сіз стандартты дайындықтықтың бәрін аяқтап болған соң, төрт аяқтап тұруға ерінбей, еңбектеп жүрген балаңыз үшін жоғарыдан қарап тұрғанда көрінбейтін қауіп-қатер көздерін жіберіп алмағаныңызға көз жеткізіңіз. Сіздің балаңыз жақсы қорғалғанына сенімді болыңыз – енді еркін тыныс алуға болады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.