Жөргектерді таңдау. Жас ананың кеңестері мен қулықтары

Жөргектерді таңдау. Жас ананың кеңестері мен қулықтары

19.03.2014

Сәтті таңдалған жөргек – жас ата-аналарды көп жағдайда құтқарып алады! Ол болғанда балаңызбен ұзақ серуенге шыға аласыз және ұсақ келеңсіздіктерге әрқашан дайын боласыз. Тек супермаркетте жөргектің көптігінен қалайша саспауға болады?
Мынау жас ананың балаға жақсы жөргекті қалай таңдау керектігі жайлы берген бірнеше қарапайым кеңесі!

Дұрыс таңдалған өлшем
Баланың салмағына байланысты жөргек өлшемін дұрыс анықтау өте маңызды. Жөргектің үлкен өлшеміне ауысу керектігін көрсететін белгілер:
• Баламен бірге салмағы да өсті.
• Тек жөргек қана емес, киімі де су болады.
Біраз уақыттан бері, баламның пижамасы мен сымы су болатынын байқап, оған жөргектің үлкен өлшемін сатып ала бастадым.

Түнгі жөргектер
Күндіз мен баламның жөргегін тамақтандырғаннан кейін және қажеттілігіне қарай жиі ауыстырамын. Ал түнде балаға былғанған жөргекпен ұзақ жатуына тура келеді. Сондықтан, мен арнайы түнгі жөргекті пайдалануға кеңес беремін, олар сұйықты тез сіңіреді, бөртуді болдырмайды және сәбидің терісі құрғақ күйінде қалады.

Жөргекті ауыстыру
Баланың жөргек ауыстырғанды ұната бермейтінін мойындауға тура келеді. Сондықтан, бала мазасызданбау үшін оны дер кезінде алдандыру керек. Мен әдетте оған ән айтамын, қолына ойыншық ұстатамын немесе бетімді тыржитып күлдіремін.
Жөргекті ауыстырмас бұрын, өзіңізге керекті заттардың жаныңызда екеніне көз жеткізіңіз: ылғалды сүлгі, таза жөргек. Мұның бәрін ауыстыру кезінде іздеген өзіңізге өте қолайсыз болады.

Міне, жалпы осылай. Уайымдамаңыз, біраз уақыттан кейін жөргек ауыстыруды үйренесіз және ол Сізге қиындық әкелмейді!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.