Бала аунап түсуге үйренуде

Бала аунап түсуге үйренуде

19.03.2014

Біздің сүйікті Машамыз 5 айдан соң ғана басын ұстап, шынтаққа сүйеніп жатуға үйренген соң, енді келесі даму сатысында Маша аударылып үйренуі тиіс екенін білдік.

Осыған алып келетін барлық белгілер айдай анық еді: Маша бүйірлеп жатып ұйықтайтын, иығын бұрып, аяқтарын айқастырып жататын болды. Біз оған көмектесуге тырыстық: ойыншықты аударылып барып алатындай етіп қоятынбыз және оның қалай жасалатынын көрсетіп отыратынбыз.
Қызымыз бірнеше рет өз күшімен аударылуға жақын еді, бірақ соңғы мезетте оған бір нәрсе кедергі жасағандай болды.

Сөйтіп, ол алты айлық жасқа келгеннен кейін шамамен үш күн өткен соң, біз күйеуім екеуіміз бір түрлі дыбыс естідік. Маша өз кереуетінде ұйықтап жатуы тиіс еді, бірақ кенеттен оның басы көтеріліп, біздің көмегімізсіз екпетінен аунап түскеніне таң қалдық.

Мен балалардың екпетінен жатып ұйықтағаны зиянды екені туралы көп оқығанмын, сондықтан кішкене мазасыздана бастадым. Басқа жағынан алсақ, өзі солай жатқанды қалаған болса, солай ыңғайлы шығар. Мен оны оятып, тынышын алғым келмеп еді, бірақ жолдасым не болса да оны абайлап аударып, арқасынан жатқызуды ұйғарды.

Келесі күні біз оның ұйқыда емес кезінде аударыла ма, жоқ па, соны тексергіміз келді. Біз Машаны арқасынан жатқызып, одан сәл алшақ жерге оның сүйікті сылдырмағын қойдық. Не болды десеңізші? Машамыз оп-оңай екпетінен аударылып түсті де, ойыншығын алып, қуана күліп жіберді. Біз де қосыла кеттік!

Енді оның есеюінің жаңа кезеңін – еңбектей бастауын күтіп жүрміз!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.