Бала отыруға үйренуде

Бала отыруға үйренуде

19.03.2014

Менің Аня деген қызым өз бетімен 8 айлығында алғаш рет отырды. Осы сәтке дейін күйеуім екеуіміз оның дамуындағы осы бір маңызды кезеңіне қалай дайындалып жүргенін көріп жүретінбіз, және де әрқашан көмек беруге тырысатынбыз. Ол біздің қолымызға сүйеніп отыра алатындай біз оны жиі арқасынан қалқалап немесе диванның арқалығына сүйеп отырғызатынбыз. Бірақ біздің Анютамыздың күннен күнге күш жинап келе жатқаны байқалатын.

Аня өз бетімен отырған кезде мен үйде болған жоқпын. Мен жұмысқа баруым керек болып, бәрін өткізіп алдым. Сондықтан да біздің отбасымыз үшін ғажайып оқиғаның мән-жайын мен күйеуімнен телефон арқылы білдім.

Бәрі де былай болыпты: күйеуім оны үстінде шоқ-шоқ ойыншықтар ілініп тұрған кілемшенің үстіне жатқызып кетіп, өзі біраз уақытқа бөлмеден шығып кетіпті. Қайтып келіп, ол Аняның отырып алып, кішкентай жұдырықтарымен ойыншықтарды боксшы сияқты қуана соғып отырғанын көріп таң қалады! Ол өзінің жаңа ісіне сондай мәз болып, тоқтай алмай күле беріпті. Әрине, бұл ұзаққа созылмады, Аня тез-ақ құлап, қайтадан жатып қалды, бірақ біз дамудың келесі сатысына өткенімізді түсіндік!

Жайлап Аня бірте-бірте ұзағырақ отыратын болды. Алғашқы апталарда бір-екі минут қана отыратын, бірақ уақыт өткен сайын өзін жайлы сезініп, сөйтіп отырып ойнай бастады. Жас ана ретінде маған оны бақылап жүру енді оңайлай түскенін айта кету қажет.

Бір жағынан, мен өз қызымның өсуінің осы бір сәтін өткізіп алғаныма көңіліп түсіп қалды, қалған уақыттың бәрінде мен үнемі оның қасында едім ғой. Бірақ басқа жағынан алсақ, мен сол мезетте оның қасында әкесі болғанына қатты қуандым, өйткені әдетте ол көп нәрсені өткізіп алады ғой!
Телефоннан маған осының бәрін мақтанып айтып жатқанда оның қуанышында шек жоқ, ал мен отбасымыздың бұрыннан да берік бола түскенін сездім. Бұл оқиғаны ол есінде өмір бойы сақтап жүретінін мен білемін!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.