Балалар жөргектері астындағы 3 кеңінен тараған проблема

Балалар жөргектері астындағы 3 кеңінен тараған проблема

Winnie Yu

27.05.2014

Көптеген аналар секілді Сізге де осы күндері жөргектерді жиі ауыстыруға тура келеді. Жөргекті ауыстыру – оңай іс, алайда кейде түсініксіз нәрселерге тап болуыңыз мүмкін.

Бала көтеніндегі Сізді алаңдатуы мүмкін үш белгі:

Бөртпелер мен кішкентай безеулер


Жөргек астындағы бөртпелердің ықтималды себебі – баздану. 4-тен 15 айға дейінгі сәбилер жартысынан көбі қосымша тамақтандыру кезінде терінің тітіркенуіне ұшырауы мүмкін.

Баздану бала ұзақ уақыт сулы немесе лас жөргекте қалып қойған кезде пайда болады. Қызару мен бөртпелер баланың ішінде, жыныс мүшелері мен жамбас қатпарларында пайда болуы мүмкін.

Әдетте баздану алаңдауға себеп болмауы тиіс. Олар пайда болмас үшін жөргектердің таза болуын тұрақты түрде бақылаңыз және уақтылы ауыстырып тұрыңыз. Баланың терісін балалар сулықтарымен немесе сумен тазартып, құрғатып сүртіңіз. Содан соң баланың терісін қорғау үшін жұқалап балалар кремін немесе сүтшесін жағыңыз.

Бөртпе пайда болған жағдайда, цинк негізіндегі жақпа майды көптеп жағыңыз. Баланың тітіркенген терісіне ауа кіру үшін киімсіз қалдыруға тырысып көріңіз. Бөртпе 48 сағаттан 72 сағат арасында кетуі тиіс. Егер аталған бөртпелер кетпей, балада ойық жаралар немесе қанау пайда болса, педиатрға қаралыңыз.

Артқы тесіктің айналасы көкпеңбек


Баланың артқы тесігінің айналасында көк дақты байқаған болсаңыз, геморрой деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ қателесуіңіз мүмкін!

Геморрой қан айналымы нашар болғандықтан артқы тесіктің айналасындағы қантамырларда пайда болады. Дефекация кезінде күшенуден олар қатты шығып кетіп, тіпті қанап кетуі де мүмкін.

Геморрой көп жағдайда жүкті әйелдерде шығып тұрады, бірақ балалар үшін бұл сирек жағдай. Сіз көрген көк дақ, баланың үлкен дәретке отырған кезде қатты күшенуінен болған болса керек.

Дәреттің болмауы


Ересектердегідей балалардың дәрет сындыру жиілігі түрленіп тұрады. Балалардың да іштері қатуы мүмкін. Іш қатуы тоқ ішектің басы тығыз дәретпен тығындалып қалуына байланысты болады. Дәрет бір жерге жиналған кезде қатты және құрғақ болып, дефекация кезінде ауыртуы мүмкін.

Іш қату белгілері балаңыздың жасына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Жаңа туған нәрестелер үш-төрт күн дәрет сындырмай жүре бере алатын үлкенірек балаларға қарағанда күніне жоқ дегенде бір рет дәрет сындыруы тиіс.

Балаңыздың іші қатты деп ойлайтын болсаңыз, педиатрыңыздан суды немесе қара өріктен жасалған компотты беруге болатынын-болмайтынын сұрап алыңыз. Қосымша тамақтандырылатын сәбилерге жүзім, бұршақ және бүтін дәнді өнімдер секілді жасұныққа бай азықтарды беруге болады. Бұл ретте рационнан күріш, банан және крахмал негізіндегі өнімдерді уақытша алып тастаған жөн.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.