Баланың үлкен дәреті

Баланың үлкен дәреті

Rachel Morris

27.05.2014

Балаңыздың үлкен дәретке дұрыс барып жүргендігін білгіңіз келе ме?
Әр баланың дәретінің көлемі мен шығу жиілігі әр түрлі болады. Емшек еметін жаңа туған бала бірнеше күн немесе бір апта бойы үлкен дәретке шықпауы мүмкін. Бірақ, балаңыздың жасы 1 айдан асып, күніне бір реттен аз дәрет сындыратын болса, ол оның тамақты аз жейтіндігін білдіреді.

Жасанды сүтпен тамақтандырылатын нәрестелер әдетте күніне бір рет дәрет сындырады. Мейлі баланы емшек сүтімен тамақтандырыңыз, мейлі сүт қоспасымен болсын, баланың жөргектегі дәреті әдеттегі көлемде болса, уайымдауға еш себеп жоқ.

Норма қандай болуы тиіс?


Нәрестеңіздің жөргегін ауыстырған кезде таң қалмаңыз. Себебі жаңа туған нәрестелердің дәреті алғашқы күндері жасыл-қара түсті болады және медициналық терминмен айтқанда ол «меконий» деп аталатын заттан құралады.

Анасының жатырында жатқан нәрестенің ішегіне жиналған меконий ағзасынан шыңып болған кезде, баланың дәреті қалыпты болады.

Содан кейінгі дәреттің құрамы сәбидің жеген тамағына байланысты. Сәби емшек еметін болса, онда оның дәреті жасыл-қоңыр түсті немесе сары-қоңыр түсті болады. Шамамен бес күнен кейін олар сары түстеніп, түйіршікті консистенцияға айналады.

Бұл қалыпты жағдай және баланың сау екендігінің белгісі.

Жасанды сүтпен тамақтандырылатын сәбилердің дәреті паста тәріздес сары немесе сары-қоңыр түстес болады.

Бала дәретінің құрамы нені білдіреді?


Жаңа туған балаңыздың дәретінің түсі дефекациялар арасында сәл өзгеретін болса, қорықпаңыз. Дегенмен, біздің назарымызды аударатындай, дәреттің екі түсі бар – ақ (бауыр ауруының белгісі болуы мүмкін) немесе қызғылт түс (қан кету белгісі болуы мүмкін).

Егер дәреттің құрамынан және түсінен ауытқушылықтар байқаған болсаңыз, өз педиатрыңыздан кеңес алыңыз. Дәрет консистенциясы жағынан түрленуі де мүмкін, алайда оның сұйылуы (іш өту белгісі) немесе керісінше қатты құмалақ сияқты болуы (іш жүрмеу белгісі) дұрыс емес.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.