Жөргектің лайықты өлшемін іздеу

Жөргектің лайықты өлшемін іздеу

19.03.2014

Жаңа туған ана емізудің, тербетудің және көзінің ілініп кетуі арасында өз сәбиіне кигізетін жөргектің өлшемін ойлап үлгере ме?

Әдетте, біз үйде реттеп алармыз деп әмбебап дүкеннің сөресінен жөргектің бірнеше қаптамасын дұрыстап қарап алмастан, онда тұрған не бар деген оймен сатып ала береміз. Дегенмен, екі қыздың анасы бола отырып, өз өлшемімен киілмеген жөргек жақсы деп айта алмаймын. Оның үстіне оны бір емес, бірнеше балаға кигізетін болсаңыз.

Жөргек өлшемі туралы әңгіме бір қарағанда болмашы нәрсе болып көрінгенімен, маңыздылығы өте зор. Тура келетін нұсқаларды таңдай білу және үлкен өлшемді жөргектерге қашан көшу керектігін түсіну үшін бірнеше кеңес береміз.

Қызаруға мән беріңіз

Егер Сіздің сәбиіңіздің ішінде немесе бөксесінде қызыл жолақтар қалып қойған болса, онда жөргек ол үшін не қатты, не тым тар болғандығын білдіреді. Баланың қалай қозғалып жатқандығын бақылаңыз, егер жөргек баланың терісін үйкеп қызартатын болса, онда үлкен өлшемге ауысатын кез келді.

Мазасыздығына мән беріңіз

Кейбір балалар ішкі киімі немесе киімі ыңғайсыз болса, мазасызданып кетеді. Егер сәбиіңіз тынышсызданып кетсе, денесіне жайлы жатқандығына көз жеткізу үшін жөргегін тексеріңіз. Жөргектің үлкен немесе кішкентай өлшемін кигізіп көріп, баланың тынышталуын бақылаңыз.

Жөргектен зәрдің өтіп кетпеуін бақылаңыз

Жөргек тым тар болса, зәр өтіп кетуі мүмкін. Қызымның жөргегі ылғалдықты ұстай алмаған кезде, мен бұны жаңа өлшемге ауысу керек деген белгі ретінде түсіндім. Бұдан басқа, жөргек баланың ішінен төмен қарай сырғи берсе немесе баланың көтенін толық жаппайтын болса, бұл да жаңа өлшемге көшуге себеп болады.

Ағып кетуден аулақ болыңыз

Кез-келген ана үшін қорқынышты жайт – басынан-аяғына дейін ластанған бала. Егер жөргек бөбекке діл келмейтін болса, онда бұл жағдайдың орын алуы әбден мүмкін. Одан қалай сақтануға болады? Үлкен өлшемге көшіп көріңіз.

Жөргекті өте көп сатып алмаңыз

Жөргекті көп сатып алсаңыз, Сізге ол арзан түсетін сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал, шындығына келгенде, нәрестелердің тез өсетіні соншалық, алған жөргегіңіздің барлығын киіп үлгермеуі мүмкін. Жақын арада қанша керек болса, сонша сатып алыңыз, ал егер пайдаланылмаған қаптамалар қалса, оны нәрестелері кіші өлшемді қажет ететін жаңа туған аналарға беріңіз.

Балаңыздың жөргегінің дұрыс өлшемін білген жөн, сонда балаңыздың өзі де, киімі де таза болады!

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.