Тәжірибе алмасу: Әр бала үшін әжетханаға үйрету әр түрлі өтеді

Тәжірибе алмасу: Әр бала үшін әжетханаға үйрету әр түрлі өтеді

03.06.2014

Шынын айтсам, адамдардың өздері оған олимпиадалық спорттың түрі деп қарамаса, тосуға үйрету соншалықты қиын болар деп ойламаймын.

Балалар бақшасындағы тобымызда құрмет тұғырынан орын алуды қалап жүрген бір таныс әйел «Каролин 18 айында жөргек киюін доғарды» - деп мақтанып жүрді.

Жақсы ниеттегі құрбым маған және әлі де жөргек киіп жүрген менің 3 жастағы қызыма аянышты көз қиығын тастай отырып, «Горшоктың жанында сыйлық кестесін іліп көрдіңіз бе?»- деп ұсыныс жасады.

Шынына келсек, мен барлық амал-тәсілдерді қолдандым: алтын жұлдыздар, жапсырмалар, тіпті дәмді тамақтар. Мен барлығын жасап көрдім, бірақ түсінгенім - мен таңдаған амал дұрыс болмады. Қызыма, Шайнаға горшокты қолдана бастауға қабілетсіздігі емес, қызығушылығының жоқтығы кедергі болды.

Шайна толық сөйлемдермен сөйлейді, ал ішкі киім киетін оның құрбысы үш сөздің басын қоса алмайтын.

Өзіме өзім «Ынталандыру жүйесі жөнінде ұмыт, оның ақылына жүгін» - деп, қызымның жақсы көретін мульфильмдердің сүйікті кейіпкерлерінің суреттері бар біраз «ересектерге арналған» ішкі киімдерді сатып алу үшін жергілікті дүкенге аттандым.

Ішкі киімді жуып, оны комодының жәшігіне орналастырып, оны көруге шақырдым да, менің дәлелді ойымды тыңдауын сұрадым.

«Сонымен,» - дедім мен: «сенің туған күнің екі аптадан кейін, ал балаға 3 жас толғанда ерекше оқиға болады. Сен бұл не оқиға екендігін білесің ба?»

Ол білмейтіндігін көрсетіп, басын шайқады, ал мен жалғастыра бердім.

«Бала үш жасқа толғанда, олар жөргек киюді тоқтатады – мәңгілікке. Бұны атап өту үшін туған күніңде оянғанда осы әдемі ішкі киімді киіп, ал жөргекті ұмытатын боласың».

Осының барлығын сенгісіз ынтамен және жылы шырайлы жүзбен айттым.

Осы оқиғаны оның туған күніне дейінгі күндер бойы ынтамен қайталай бердім, соңғы рет мерекенің қарасында кешке де есіне салдым. Келесі күні таңертең Шайна мені дәретханаға шақырды.
«Қара», - деп ол, горшоктағыны көрсете отырып, айқын мақтанышпен айтты. Ахілеп, үхілеп және ішкі киім таңдауына «әкел бесті» дей отырып, ол алтын медаль алмаса да, маңызды балалық кезеңінің артта қалуына мен қатты қуандым.

Сізге де ұнамды болуы мүмкін:

Кішкене үшкіл жаялықтар

Pampers Premium Care жөргектері

Pampers Premium Care – бүлдіршіннің терісін мінсіз күйде сақтауға көмектесетін өнімдік қасиеттерінің бірегей үйлесімі.